ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

13 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде «Өрт қауіпсіздігінен сақтану жолдары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Атаулы шараға қорық-музей директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженерлері Ж.Оралбаев, Н.Тоқбай және қорық-музей ұжымы қатысты.
Төтенше жағдайлар басқармасынан келген мамандар музей қызметкерлеріне өрт сөндіру, техникалық қауіпсіздік жолдарын, тілсіз жауға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру мамандары музей қызметкерлерінің қойған сұрақтарына нақты жауаптарын беріп, сақтық шараларын үйретіп, арнайы парақшалар таратты. Осындай түсіндіру жұмыстарынан кейін тілсіз жаудың қатары 20-30 пайызға азайғандығын атап өтті. Жиын соңында музей директоры Ж.Әубәкір төтенше жағдайлар басқармасынан келген аға инженерлерге алғысын айтып музей әкімшілігі атынан баспа өнімдерін сыйға тартты.

