Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Әкеме арнау

Сағындырған асқар тауым әкешім

Ойлағанда тебірентіп кетесің.

Бұл фәниде жоқ болсаңда арада,

Мен үшін сен орны бөлек әкесің.

Көре алмадым сенің жарқын жүзіңді,

Естімедім айтқан жылы сөзіңді.

Үлкендердің айтуымен тек қана,

Көз алдыма елестетем өзіңді.

Дүние есігін аштым менде шыр етіп,

Тағдыр саған көруге оны жазбапты.

Ойлағанда жас жүрегім дір етіп,

Сағыныштың отын жағып маздатты.

Жалғастырдым салып кеткен ізіңді

Жүргендейсің бейне менің қасымда.

Көрсең шіркін армандаған қызыңды

Кім екенін он төрттегі жасында.

Неге тағдыр сонша қатал,білмедім,

Оралмасқа ерте кеттің өмірден.

Басқалардай арамызда жүрмедің,

Тірек болып, шықпай әр кез көңілден.

Бұл өмірде адамдар бар әкесіз,

Кейбіреуі әке қадірін білмейді.

Өз әкесін сыйламайтын жетесіз,

Біреулердің әкелерін күндейді.

Асыл әке өмірде жоқ болсаңда,

Ұмытылмайсың, сақталасың жадымда.

Аруағыңмен желеп-жебеп қашанда

Жүргендейсің бейне менің жанымда

 
1
0
2266

Еще по теме