Перейти к содержимому
alpiyarova

Бұлбұл Альпияр

@alpiyarova

На сайте с 18 октября 2016 г.Казахстан, Атырау

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

6

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ӨМІР

Жыл мезгілі сынды адам өмірі, Ауа райы секілденген көңілі. Көктем, жаз, күз, қыс - төртеуі төрт кезең, Тағдыр деген - жылы, суық өңірі. Есейген соң сезілетін өткені, Анашыңның, "құлыным" деп өпкені. Бал-балалық - өміріңнің көктемі, Тас төбеңнен күннің нұрын төккені. Көктемнен соң жаз келеді жайнаған, Жастығың - ол қызу еңбек қайнаған. Əнші құстар құйқылжыта сайраған, Неткен көркем, қандай сəнді айналаң! Сол сұлулық жоғалып бір ізбенен, Мезгіл туып көлде аққу жүзбеген. Сарғаясың сəтті күтіп іздеген, Кəріліктің бір шеті кеп күзбенен. Қырау түсіп самайыңа, шашыңа, Жанарыңнан мөлдір шықтар шашыла. Мұңды оймен салмақ салып басыңа, Қартаясың, қарап келген жасыңа. Бірақ, бұған налыма да, жасыма, Уайым-қайғы жоламасын қасыңа. Қыстан кейін көктем келер, ұмытпа, Көңілден тек, өзендей көп тасыма. Өй…

0
0
537

ТОЛҒАНЫС

Салт-дəстүрдің табамыз деп озығын, Жетпесе де, жеткіздік-ау тозығын. Жетесіздер толып жүрген заманда, Желге ұшып жатыр талай сөз, ұғым. Кей дәстүрлер көнерді ме шынымен, Тербеліп ем мен де бесік жырымен. Бүгінгілер ертегі де естімей, Өсіп жатыр батыс жақтың сырымен. Жас келіндер елтең - селтең, əдепсіз, Инабаттан жұрдай, ерсі əрі епсіз. Орамалды байлауды да ар санап, Шашты жайып, бетті бояп, əлекпіз. Біреу бар ма "мұның қалай, неге?" дер, Адам қайда тәрбиелеп, шегелер? Келіндерге не өсиет айта алар, Жаулық тақпай, селтеңдеген енелер?! О, замана, бұзылдың-ау... демесем, Дей алмаймын құбыласың неге сен? Біз, адамдар, бұздық сені өзіміз, Жарасады арсыздарға не десем? Байқамаймыз кей оспадар қылықты, Батыс бізге мықтап салды құрықты! "Елу жылда - ел жаңа" ғой, дегенмен, Тым тамаша салт-дəстүр…

0
0
361

АҚ ƏЖЕМНІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ӨЛЕҢ

Туған күні бүгін асыл анамның,
"Қандай сыйлық ұсынсам?" деп алаңмын.
Білем артық етпейтінін Анаға, 
Бар асылын жинасаң да ғаламның.

Арман-əні таусылып па адамның, 
Алла жазса, талай сыйлық алармын.
Ғұмыр жасы ұзақ болып, ауылы
Алыс болғай ажал атты жаманның.

Жаралған жан бақыты үшін балаңның, 
Əр нәрсенің байыбына бара алдың.
Құтты болсын туған күнің, ақ əжем, 
Қымбаттығын білемін мен бағаңның.

Ашып беріп жолын өмір-сағамның, 
Гүлдендірген ажарын ой-санамның. 
Еркелетіп, осы күнге жеткізген, 
Асыл əжем, алғыс айтам саған мың!

АТАМЫЗДЫҢ ЖАНЫНДА АМАН ОТЫРЫП, НЕМЕРЕ-ЖИЕН, ШӨБЕРЕЛЕРІҢІЗДІҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕ БЕРУІҢІЗГЕ ТІЛЕКТЕСПІЗ!!!
Шын жүректен: немерелеріңіз - Бұлбұл, Айтжан.

0
0
1237

ЖҮРЕГІ ҚАТТЫ ШЫҒАР ТАСТАН-ДАҒЫ

Өмірдің заңы қатал, əрі күшті, Əр адам тағдырына бағынышты. Кей сəби дүниеге келе сала, Сезініп өсер мұң мен сағынышты. Бал-бөбек, тұлымшағы желкілдеген, Сана - жас, əлі толық жетілмеген. Бақытты балалығын бір жоғалтып, Ілікті суық сөзге, "жетім" деген. Бұл сөзден Күн тоңады аспандағы, Бірақ та, кей жауыздар жасқанбады. Баласын тастап кеткен ата-ананың, Жүрегі қатты шығар тастан-дағы. Ел едік жетімдерін жылатпаған, Сүрінген жанды демеп, құлатпаған. Біреулер алып жатыр асырауға, Бақытын жақындатып жырақтаған. Алайда, көңіл мұңы кетеді ме? Көз жасын көл боп тамса етегіне. Жасаған бар жағдайың, қамқорлығың, Ананың мейіріне жетеді ме?! Жетімдер мəз болмайды тойғанына, Мұң тұрар көлеңке боп ойларына. Соншама не жаздым деп түсінбейді, Тағдырдың азапқа сап қойғанына. Қаражат бөліп барлық керегін…

1
0
344

НЕКЕЛІ ЕРКЕК

Некелі еркек! Саған менен не керек? Мен емеспін сен іздеген көбелек. Ұмыттың ба бар екенін отбасың? Ал, болмаса, кездесіп, мүмкін, көрер ек. Некелі еркек! Ойлан! Бала-шағаң бар, Адал жарың отыр үйде, соған бар! Құлы болма нәпсінің, Өз нәпсісін тыя алмайды жамандар! Некелі еркек! Тереземді қақпашы?! Өз үйіңде мені ойлап жатпашы?! Өз жарыңнан таба алмаған жылуды, Ұрланып кеп, сен басқадан таппашы?! Отбасыңды сақташы?! ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК! Сол некелі еркекті қалсаң да шын ұнатып, Оның Құдай қосқан жарын жылатып. Шаңырағын шайқалтып, мейлі, құлатып, Көз жасына қалып бала - шағаның, Сен бақытты бола алмайсың, ол - анық! Бақытты да адал жолмен құралық! P.S. Бұл өлеңнің өз өміріме еш қатысы жоқ, теріс түсінбеңіздер. Бір құрбымды жұбату үшін жазылған жыр. Біреудің бақшасындағы жемісіне қызығатын қыз-кел…

2
0
426