АҚ ƏЖЕМНІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ӨЛЕҢ
Туған күні бүгін асыл анамның,
"Қандай сыйлық ұсынсам?" деп алаңмын.
Білем артық етпейтінін Анаға,
Бар асылын жинасаң да ғаламның.
Арман-əні таусылып па адамның,
Алла жазса, талай сыйлық алармын.
Ғұмыр жасы ұзақ болып, ауылы
Алыс болғай ажал атты жаманның.
Жаралған жан бақыты үшін балаңның,
Əр нәрсенің байыбына бара алдың.
Құтты болсын туған күнің, ақ əжем,
Қымбаттығын білемін мен бағаңның.
Ашып беріп жолын өмір-сағамның,
Гүлдендірген ажарын ой-санамның.
Еркелетіп, осы күнге жеткізген,
Асыл əжем, алғыс айтам саған мың!
АТАМЫЗДЫҢ ЖАНЫНДА АМАН ОТЫРЫП, НЕМЕРЕ-ЖИЕН, ШӨБЕРЕЛЕРІҢІЗДІҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕ БЕРУІҢІЗГЕ ТІЛЕКТЕСПІЗ!!!
Шын жүректен: немерелеріңіз - Бұлбұл, Айтжан.
