Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨМІР

Жыл мезгілі сынды адам өмірі, 
Ауа райы секілденген көңілі. 
Көктем, жаз, күз, қыс - төртеуі төрт кезең, 
Тағдыр деген - жылы, суық өңірі.

Есейген соң сезілетін өткені,

Анашыңның, "құлыным" деп өпкені. 
Бал-балалық - өміріңнің көктемі, 
Тас төбеңнен күннің нұрын төккені.

Көктемнен соң жаз келеді жайнаған, 
Жастығың - ол қызу еңбек қайнаған. 
Əнші құстар құйқылжыта сайраған, 
Неткен көркем, қандай сəнді айналаң!

Сол сұлулық жоғалып бір ізбенен, 
Мезгіл туып көлде аққу жүзбеген. 
Сарғаясың сəтті күтіп іздеген, 
Кəріліктің бір шеті кеп күзбенен.

Қырау түсіп самайыңа, шашыңа, 
Жанарыңнан мөлдір шықтар шашыла. 
Мұңды оймен салмақ салып басыңа, 
Қартаясың, қарап келген жасыңа.

Бірақ, бұған налыма да, жасыма, 
Уайым-қайғы жоламасын қасыңа. 
Қыстан кейін көктем келер, ұмытпа, 
Көңілден тек, өзендей көп тасыма.

Өйткені, енді оралмайсың жазыңа,
Қарамайды өмір көңі назына. 
Жан-дүниең көктесе де қайтадан, 
Жасармайсың, елтіп қиял сазына.

Біреулерге айтып ақыл, базына, 
Өкінерсің ғұмыр-жырдың азына. 
Жастығыңды армандарсың, жоқтарсың, 
Ал, қарттығың - ұрпағыңа қазына! 
Б.Альпиярова

 
0
0
536

Еще по теме