Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

НЕКЕЛІ ЕРКЕК

Некелі еркек! 
Саған менен не керек?
Мен емеспін сен іздеген көбелек. 
Ұмыттың ба бар екенін отбасың? 
Ал, болмаса, кездесіп, мүмкін, көрер ек.

Некелі еркек!
Ойлан! Бала-шағаң бар,
Адал жарың отыр үйде, соған бар!
Құлы болма нәпсінің, 
Өз нәпсісін тыя алмайды жамандар! 

Некелі еркек!
Тереземді қақпашы?!
Өз үйіңде мені ойлап жатпашы?! 
Өз жарыңнан таба алмаған жылуды, 
Ұрланып кеп, сен басқадан таппашы?!
Отбасыңды сақташы?!

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК! 
Сол некелі еркекті қалсаң да шын ұнатып,
Оның Құдай қосқан жарын жылатып.
Шаңырағын шайқалтып, мейлі, құлатып,
Көз жасына қалып бала - шағаның, 
Сен бақытты бола алмайсың, ол - анық!
Бақытты да адал жолмен құралық!

 

P.S. Бұл өлеңнің өз өміріме еш қатысы жоқ, теріс түсінбеңіздер. Бір құрбымды жұбату үшін жазылған жыр.
Біреудің бақшасындағы жемісіне қызығатын қыз-келіншектерге құлаққағыс деп қабылдаңыздар!

 
2
0
427

Еще по теме

НЕКЕЛІ ЕРКЕК - Yvision.kz