Перейти к содержимому
aktoty_tukenova02

aktoty_tukenova02

На сайте с 13 июня 2017 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

6

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ТЕТ 2017 НИШ Атырау

17.06.2017 Бүгінгі "Туған елге тағзым" жобасының соңғы күнін Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан Текелі қаласында өткіздік. Таңғы асымызды ішіп, Жоңғар Алатауында орналасқан "Черкасай" туристік-спорттық базасына жол тарттық. База теңіз деңгейінен 1550 метр биіктікте орналасқан. Сарқырамаға жетер жолда тау шатқалдарында жайқала өсетін шырша, қайың, қарағай, терек секілді ағаштардан тұратын керемет орман көрінісіне куә болып қана қоймай, бұлақты кешіп, тауға өрмеледік. Сарқырамаға жетіп, қоңыр салқын суға қолымызды батырып, базаға қайтқанда табиғат аясында түстеніп, табиғи шипалы шөптен жасалған шай ішіп күштеніп алдық. Одан соң 24 оқушы 2 топқа бөлініп, тарзанка және кедергі жолы секілді жаттығуларды жасап, табиғатта тіршілік етуге қажетті дағдыларды шы…

0
0
501

ТЕТ 2017 Атырау

16.06.2017 Бүгінгі күн Тамғалы тасқа саяхаттан басталды. Тамғалы тас Алматы қаласынан 120 шақырымда Іле өзенінің бойында орналасқан. Тамғалы тастың жартастарында петроглиф, құпаия бейнелер және буддистік жазбалар салынған. Жартасты ұстаған адам жақсы энергияға толып, өз тілегін тілеуіне мүмкіндік алады. Табиғат аясында түстеніп болған соң біз Талдықорған қаласына беттедік. Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар мен оқушылар ұжымы бізді құшақ жая қарсы алды. Тамақтанып алған соң Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Бұл мұражай 5 залдан тұрады. Мұражайдан менің жобама қатысты деректер ала алмағаныма қарамастан, Жетісуды мекендейтін жан-жануарлар мен өсімдіктер, археологиялық жазбалар, көне бұйымдар және Жеті…

0
0
373

ТЕТ 2017 НИШ Атырау

15.06.2017 «ТЕТ» жобасының төртінші күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайынан басталды. Мұражайда ең алдымен менің көзіме оттай басылған, ол- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ежелгі көшпелілердің далалық өркениеті адамзат тарихында терең із қалдырды... Ол скиф-сақ дәуірінен бастау алатын мыңжылдықтар бойы қалыптасқан көшпелілердің бір тұтас мәдениетімен тығыз байланысты» деген сөздері. Мен Елбасының сөздеріне толықтай келісемін. 2011 жылы ашылған бұл мұражайдан мен тек өзімнің ғылыми жобама қажетті мәліметтерді алып қана қоймай, өзге де Қазақстан территориясынан табылған жәдігерлер туралы да көп мәлімет білдім. Мысалы, мен «Есік жазуы» деген ұғымның Памир және Тяньшань таулары аралығынан табылған, оқу әдісінің құпиясы ашылмаған ескі жазулардың жалпы атауы екенін білдім. Солардың іші…

0
0
742

ТЕТ 2017 Атырау

14.06.2017 "Туған елге тағзым" өлкетану экспедициясының үшінші күнінде біз «Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайына» бардық. Осы мұражайға барғаныыз менің геологияға қызығушылығымды арттырып қана қоймай, дүниетанымымды кеңейтті. Мысалы, мен адамзатқа белгілі минералдық шикізаттың 55 түрінің 39-ы Қазақстан жер қойнауынан өндірілетінін білдім. Мұражайдан яшма, малахит, азурит, кальцит, марказит секілді тек туған еліміздің территориясынан табылған тау жыныстарын ғана емес, Марокко, АҚШ, Бразилия, Түркменістан, Украина мемлекеттерінің ауағынан табылған ванадинит, керченит, содалит сияқты әсем тастарды көруге болады. Сонымен қатар, мұражайда геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі комитеттердің мүшесі әрі басшыларының бірі Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың…

0
0
286

ТЕТ 2017 Атырау

13.06.2017 "Туған елге тағзым" жобасының екінші күнінің бірінші жартысын біз Ақтөбе қаласының оқушыларымен бірге Шымбұлақ тау-шаңғылық курортында өткіздік. 2500 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ курорты менде тек жақсы әсер қалдырды. Біз бұл курортта қызыққа толы 4 сағат өткіздік. Әлемде Швейцариядан өзге тек Алматыда ғана бар арқанжолда өткізген 30 минут ішінде біз жайнаған жасыл желекке көз тастап, ұмытылмас сезімге бөлендік. 1,5 сағат табиғат аясында жаяу жүріп, тауға шығып, таза ауамен тыныстадық. Шаршап-шалдығып жатақxанаға оралып, түскі асымызды ішіп, күш жинап алған соң біз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті саябағына барып, біраз жаяу серуендедік. Елбасының құрметіне қойылған ескерткішті көріп, естелікке фотосуретке түсіп, тамаша көңіл-күймен қайттық. Мектеп асxанасында…

0
0
347

ТЕТ 2017 Атырау

12.06.2017 Мен алдағы 1 аптада ТЕТ жобасының өту барысымен сіздермен бөліскім келеді. Бугін, маусымның 12-сінде сағат 3тер шамасында Алматы қаласы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келіп, орналастық. Әрине, бізді бұл мектеп өзінің ауданымен және жасыл желегәмен таң қалдырды. Түскі тамақ ішіп болған соң Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушыларымен бірге орталық республикалық мұражайға барып, өзімізге таныс емес көптеген тариxи фактілерді білдік. Мысалы, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ою-өрнектің 62 түрі, тастың 62 түрі қолданылған екен. Сонымен қатар, мен өзімнің "Есік қорғандарынан сыр шертетін тариx пен арxеологиялық жәдігерлер" атты жобама қажетті мағлұматтарды алдым. Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" дәл осы мұ…

0
0
362