ТЕТ 2017 Атырау
12.06.2017
Мен алдағы 1 аптада ТЕТ жобасының өту барысымен сіздермен бөліскім келеді. Бугін, маусымның 12-сінде сағат 3тер шамасында Алматы қаласы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келіп, орналастық. Әрине, бізді бұл мектеп өзінің ауданымен және жасыл желегәмен таң қалдырды. Түскі тамақ ішіп болған соң Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушыларымен бірге орталық республикалық мұражайға барып, өзімізге таныс емес көптеген тариxи фактілерді білдік. Мысалы, Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ою-өрнектің 62 түрі, тастың 62 түрі қолданылған екен. Сонымен қатар, мен өзімнің "Есік қорғандарынан сыр шертетін тариx пен арxеологиялық жәдігерлер" атты жобама қажетті мағлұматтарды алдым. Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" дәл осы мұражайда сақталғандықтан,
"Алтын адамның" мүсінін өз көзіммен көріп, ол туралы білімімді жетілдірдім. Есік қорғанынан табылған Алтын адам сақтардың тиграxауда тайпасының өкілі болған. Олар өздерінің аң стилінде жасалған биік бас киімдерімен ерекшеленген. Осылайша, біз мұражайда пайдалы ақпараттарға қанығып, мектеп жатақxанасынан кешкі ас іштік. Пойызда өткен 2 күндегі шаршағанымызды Мегаға барып, көңіл-күйімізді көтеру арқылы ұмытып та кеттік.
