Перейти к содержимому
abubakir00

abubakir00

На сайте с 27 января 2023 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

11

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:  ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалына қарасты «Қошқарата»  бастауыш партия ұйымының төрайымы Құтышова Сәуле Әсетқызы  Қошқарата ауылдық округі тұрғындарымен және шаруақожалық өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде бастауш партия ұйымы төрағасы елдің  әлеуметтік мәселелері мен мұң-мұқтажының, оң шешу жолдарын қарастыру мақсатында  халықтың ұсыныстарын пікірлерін тыңдады.

Келешекте атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, ауданда ауқымды істер қолға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табуда,  Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы ұсынған "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты бағдарламасын іске асыру - ел болашағы үшін Әділетті Қазақстан құру жолында көштен тыс қалмау – әр азаматтың, соның ішінде партияластардың азаматтық парызы ретінде ұлт болашағы үшін ұйымшылдық танытып еліміздің даму жолындағы игі қадамға үлес қосуға шақырды.

#AMANATKELES

0
0
438

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Келес  аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікір талас клубының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саяси партиялар, депутаттар, жастар, ұлт жанашырлары, БАҚ өкілдері және клубтың мүшелері қатысты.

Кезекті отырыста жайылымдық және үйіргелік жер мәселелерінің шешілу жолдары және аудан көлемінде беріліп жатқан әлеуметтік көмектер мен грант және жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер туралы екі мәселе қаралды.

Бөлім басшылары беріліп жатқан әлеуметтік көмектер мен грант және жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Құралбаева және аудандық халықты  жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Серік Құралов хабарламалары тыңдалды.

Бөлім басшыларының баяндамаларында айтылғандай 20221-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бойынша бөлім және орталықтың мамандары ауыл және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Клуб мүшелері тарапынан көтерілген мәселелерді  шешу жолдары бойынша сұрақтар мен ұсыныстар беріліп, клуб отырысының шешімі бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

#AMANATKELES

0
0
372

АУДАННЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АУДАННЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Бәйдібек ауданы филиалының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастармен ұсыныс- тілектер жинау "Жастар рухы" тақырыбында  кездесу өтті.

Кездесуде жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

Сондай-ақ, аталған орталықтың басшысы Жамбыл Көрікбаев белсенді жастарға алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды жастар саясатына үлес қосып, қаламыздағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды.

#AMANAT

0
0
324

«АМАНГЕЛДІ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығы мен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» заңының 27 бабына сәйкес, партия филиалдарында барлық қоғамдық қабылдаулар уақытша тоқтатылды.

Дегенмен, «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламаға енгізу мақсатында халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін қабылдауға көшті.

Сол себепті, бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған «Амангелді» БПҰ мүшелерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Жиын барысында айтылған ұсыныстардың барлығы бақылауға алынып, түйіткілді мәселелердің орындалу барысы партия назарында болатындығы жеткізілді.

#AMANAT

0
0
411

ҚАЛАНЫҢ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де белсенді студент жастармен ұсыныс- тілектер жинау бойынша кездесу өткізді.

Кездесуде жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

Сондай-ақ, партия жанындағы жоғарыда аталған комиссия мүшелері студент жастарға алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды жастар саясатына үлес қосып, қаламыздағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды.

#AMANAT

0
0
336

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫС- ТІЛЕКТЕРІ ТЫНДАЛДЫ

2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» заңының 27 бабына сәйкес, партия филиалдарындағы өтетін барлық қоғамдық қабылдаулар уақытша тоқтатылды.

Сол себепті, бүгін "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмесінде  аудан азаматтарының ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Оның басым бөлігі әлеуметтік, тұрғын үймен қамту және де зейнеткерлік жасын төмендету сұрақтары бойынша.

0
0
325

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  қоғамдық кеңес,  Аудандық даму, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестердің біріккен отырысы өтті. Күн тәртібінде қоғамдық кеңестердің 2022 жылда атқарылған жұмыстары мен 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Қоғамдық кеңес төрағалары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қоғамдық кеңестердің 2022 жылда атқарған жұмыстарын атап өтті. 2023 жылға арналған жұмыс жоспарды кеңес төрағалары жан-жақты талқылап, алда атқарылар шаралар айқындалды. Кеңес жұмысын аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  қоғамдық кеңес төрағасы А.Асанов қорытындылады.

#AMANAT

0
0
321

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 25 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстарға байланысты мәлімдеме жасады. Төрағаның айтуынша, өңірде халық тұрмысын жақсарту үшін жасалған тындырымды тірліктер саны артып келеді. Мәселен,  2021-2022 жылдары Жол карта аясында жалпы 3510 іс-шара орындалу жоспарланған. Нәтижесінде  1,7 млн.ш.м. тұрғын үй, 65 мектеп, тәулігіне 550 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар 5 медициналық нысан, 5 ірі спорт нысаны ел игілігіне пайдалануға беріліп, 117,5 мыңнан астам адам жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар,шамамен 30 млрд. теңгеге инвестициялар тартумен 25 ірі кәсіпорын іске қосылып отыр.

Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 39 597 арыз-өтініш келіп түссе, оның 24811 оң шешіліп, 14 786 талап-тілекке кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Қоғамдық қабылдауға келіп түскен мәселелердің басым бөлігі,  әлеуметтік мұқтаждық, жұмысқа орналасу, еңбек даулары, тұрғын үй-коммуналдық, денсаулық және білім саласына қатысты болған.

Ал 2022 жылдың 15 наурызында бастау алған мобильді қоғамдық қабылдау бойынша да оңтайлы шешімін тапқан мәселелер саны да  артып келетіндігін жеткізді. Оның сөзінше өңірдің 15 ауданының 70 шалғай елді мекенінде аталған қабылдаулар өткізіліп, бұдан өзге 222 елді мекен тұрғындарының өтініштері тыңдалған. Мобильді қоғамдық қабылдауда хаттама негізінде 949 арыз-шағымдар келіп түссе, 369 өтініш оң шешіліп, 567-не заңгерлік кеңес берілген.

Партиялық жобаларға байланысты атқарылған жұмыстар халық сенімін күшейтуде дейді. Мәселен,  «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, 501 нысан бейімдеуден өткізіліп, ел игілігіне қызмет жасауда.  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінде 367 іс-шара мен рейд өткізіліп,  оған 1385 адам қамтылса, «Ulttuq mura» жобасы аясында көпшіліктің алғысына бөленген  2 республикалық, 1 облыстық ақындар айтысы өткізілген.

Сондай-ақ «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша да 2679 адамға көмек көрсетіліп, оның ішінде 66 азаматқа тұрғын үй кілті табысталса, 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 230 тұрғын ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып,  2293 азаматқа азық-түлік, киім-кешек, және т.б материалдық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан да 1042 отбасыға түрлі деңгейдегі көмектер ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 20 отырыс өткізіліп, 142 ұсыныс берілген. Қорытындысы бойынша барлығы орындалған.

Ал  «Жер аманаты» жобасы бойынша комиссиясы құрылып, 2022 жылы ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың га. ұлғайту жоспары әзірленді. Нәтижесінде партияның ықпалымен ауылдағы тұрғындарға 1 034,8 мың га. ортақ жайылым қайтарылғандығын мәлімдеп, алдағы уақытта аталған жоба өз жалғасын табатындығын жеткізді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен 3 күндік семинарға 181 ауылдық округ әкімдері қатысқан. Партиялық жоба аясында құрылған ақпараттық-насихат топ 11-19 тамыз аралығында 32 ауылда тұрғындармен кездесу өткізілген.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес Түркістан облысының 6 ауылдық округі жобаға қатысуда.  Жоба 2023 жылы толықтай іске қосылады. Облысқа бөлінген қаржының соммасы - 11 млрд. теңге. Орташа несие соммасы 5 млн. теңге. Несие алушылардың саны 2200 адам. Осыған әйкес, қосымша 14 млрд. тг сұратылғандығын айтты. Алтынсары Дүйсенбекұлы саяси ұйымның өңірлік филиалы аталған жұмыстар жаңашыл бағыттарда жалғасын табады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
478

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ

Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың 19 наурызы күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай, партия филиалдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысын уақытша тоқтатты. Дегенмен «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасын халықтың ұсыныстары мен тілектері негізінде әзірлеуді алғашқылардың бірі болып бастап, қабылдауға көшті.

Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері халықтың ұсыныс-тілектерін жинақтады. Облыс бойынша 168 ұсыныс-тілек келіп түсті. Оның басым бөлігі зейнеткерлік жасын төмендету, әлеуметтік салаларға көңіл бөлу және жастарды тұрғын үймен қамтуға байланысты. Осы орайда, өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесі Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарында шаһар тұрғындарымен кездесу өткізді. 20 қаңтарда басталған мұндай кездесулер барлық аудан және қалада жүзеге асып, 17 наурызға дейін жалғасады.

Атап өтерлік, Республика бойынша «AMANAT» партиясының 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі Сіздер үшін жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда,  партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз!

#AMANAT

0
0
1109

2022 ЖЫЛЫ «ЖЕР АМАНАТЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

«Жер аманаты» комиссиясының ықпалымен 2022 жылы Түркістан облысында 1034,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Жауапты мекемелердің мәлімдеуінше, жоспар 102,3 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде мақсатсыз пайдаланылған 412,2 мың гектар мемлекет менгшігіне қайтарылса, 622,6 мың гектар ірі жер пайдаланушылармен меморандум жасау арқылы жүзеге асқан. Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 330 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.

Жер мәселесі әділ әрі заңды шешілуі тиіс. Осылай деген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев аталған комиссияның 2022 жылы атқарған жұмыстарын айқындау мақсатында жиын өткізді. Оған жауапты басқарма басшылары, комиссия мүшелері, партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

- Былтыр Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары, прокуратура өкілдері және комиссия мүшелерімен бірлесіп «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында нәтижелі жұмыстарды атқардық. Биыл да жоспарланған межеге жету үшін ұсыныстарды ескере отырып, жұмысты жандандырамыз,  - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Мұнан соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алтынбек Мырзаев баяндама жасады.

- 2022 жылы заңсыз табысталып, пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз жолданды. Оның 45-і оң шешімін тауып, 4751,6 гектар жер мемлекетке меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 521,7 мың гектар жайылым және егістік үшін шаруаларға үлестірілді. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты 1200-ден астам арыз-шағым келіп түсіп, қаралу нәтижесімен 72 тексеру тағайындалған. Талдау қорытындысына сәйкес 604 өтініш оң шешілсе, 457-не түсіндірме берілген. Ал қалған талап-тілек құзырлы органдарға жолданып, қаралу үстінде. Бүгінгі таңда жергілікті әкімдіктер мен жер қатынастары бөлімдері жерлердің пайдаланылуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, апта сайын департаментке ақпарат ұсынуда, - деді ол.

Сондай-ақ Алтынбек Әбдіқайымұлы аумақтарда заңсыз құрылыстар жүргізу, ауыл шаруашылығы жерлерінің шекараларын заңсыз қазып қоршау, жалған шешімдермен жер учаскелерін табыстау сынды проблемалық мәселелер толастамай тұрғанын атап өтті. Мәжілісте жобаға өзгерістер енгізу туралы мәселеге байланысты партиялық  облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің баяндамасы тыңдалды.

Мәселелерді талқылай келе партияның аймақтық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыс прокурорының орынбасары Нұрғали Жомарт, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіров өз ұсыныстарын жеткізді.

Тарқатып айтқанда, аудан аралық мал қозғалысын реттеу, кейбір құрылыстардың заңдылығын анықтау, өндірістік кооператив жерлерін ортақ жайылымдық жерлермен ажыратып қарау, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, әрбір арыз-талапқа сапалы жауап беру, комиссияның атқарып жатқан жұмыстарына ақпараттық-насихатты күшейту жөнінде шешімдер қабылданды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#AMANAT

0
0
467