ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, Аудандық даму, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестердің біріккен отырысы өтті. Күн тәртібінде қоғамдық кеңестердің 2022 жылда атқарылған жұмыстары мен 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Қоғамдық кеңес төрағалары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қоғамдық кеңестердің 2022 жылда атқарған жұмыстарын атап өтті. 2023 жылға арналған жұмыс жоспарды кеңес төрағалары жан-жақты талқылап, алда атқарылар шаралар айқындалды. Кеңес жұмысын аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы А.Асанов қорытындылады.
#AMANAT
