Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АМАНГЕЛДІ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығы мен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» заңының 27 бабына сәйкес, партия филиалдарында барлық қоғамдық қабылдаулар уақытша тоқтатылды.

Дегенмен, «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламаға енгізу мақсатында халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін қабылдауға көшті.

Сол себепті, бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған «Амангелді» БПҰ мүшелерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Жиын барысында айтылған ұсыныстардың барлығы бақылауға алынып, түйіткілді мәселелердің орындалу барысы партия назарында болатындығы жеткізілді.

#AMANAT

0
0
332

Еще по теме

«АМАНГЕЛДІ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz