ҚАЛАНЫҢ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де белсенді студент жастармен ұсыныс- тілектер жинау бойынша кездесу өткізді.
Кездесуде жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.
Сондай-ақ, партия жанындағы жоғарыда аталған комиссия мүшелері студент жастарға алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды жастар саясатына үлес қосып, қаламыздағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды.
#AMANAT
