Перейти к содержимому
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

На сайте с 20 мая 2012 г.Казахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

постов

517

комменты

7

подписчиков

11

подписок

7

Событие года в Алматы!



С 03 февраля по 24 марта в Алматинском цирке состоятся гастроли всемирно известного Московского циркового шоу «Цирк на воде» с новой грандиозной программой «AQUAMARINE».

Современные нанотехнологии, единственный в мире манеж трансформер, тысяча фонтанов, дождь из под купала цирка. Шоу трех стихий – земли, воды и огня.

Артисты Московского цирка удивят зрителей акробатическими трюками, красочными воздушными номерами, дрессурой экзотических животных.



Настроение детей и взрослых поднимет любимчик публики, всемирно известный клоун, артист Московского цирка Юрия Никулина на Цветном бульваре Дмитрий Шиндров.

Спешите увидеть зрелище для самых искушенных, которое вдохновляет, удивляет, шокирует и радует, как детей так и взрослых!!!

0
0
212

Freedom Finance Global компаниясының шағын және орта бизнеске арналған зертеуі

Қазақстандық шағын және орта бизнес, атап айтқанда, оң нәтиже көрсетіп

отырған іскерлік көңіл-күй индексі (ІКИ) және іскерлік белсенділік индексі (ІБИ)

тұрғысынан алғанда оң трендтерді одан әрі көрсетуде. Мұндай нәтижелерді 2023

жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Finance Global

компаниясының бастамасымен Қазақстандағы ШОБ-қа жүргізілген зерттеудің кезекті

толқыны көрсетті. Тоқсан сайын еліміздің барлық 20 өңірінен өндірістік және

өндірістік емес салалардағы бизнестің 500 өкіліне сауалнама қойылып отырады.

Төрт негізгі қосалқы индекстен («Сату», «Кадрлар», «Кредиттер»,

«Инвестициялар») тұратын іскерлік көңіл-күй индексі 2023 жылғы үшінші тоқсандағы

54,5 тармақтан төртінші тоқсандағы 57,6 тармаққа дейін өсті. Бірден 15,8 тармаққа

өскен «Кредиттер» қосалқы индексі негізгі өсу драйвері болды, ал қалған үш қосалқы

индекс аздап төмендеді. Олардың ішінен тек «Инвестициялар» қосалқы индексі

ерекшеленеді, ол 2,9 тармаққа төмендеді, ал қалған екі қосалқы индекс тек 0,3-0,4

тармаққа төмендеді.

Жылдың төртінші тоқсаны түсімнің нақты өсуі бойынша үшінші тоқсанға

қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. 2023 жылдың соңында түсімнің өсуін көрсеткен

компаниялардың саны айтарлықтай өсті, дегенмен олардың барлығы өз үміттерін ақтай

алмады. Салалар бойынша табысты компаниялардың үлесінің неғұрлым өсуі сауда мен

өнеркәсіпте тіркеледі. Саудада түсімін ұлғайта алғандардың үлесі 20%-дан 32,5%-ға

дейін өсті. Өнеркәсіпте ұқсас цифрлар 40%-дан 50%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, қызмет

көрсету саласы жақсы нәтиже көрсетті, оған сәйкес төртінші тоқсанда ШОБ

субъектілерінің түсімі үшінші тоқсандағы 17,6%-ға қарағанда 26,1%-ға ұлғайған.

Шағын және орта бизнес қызметкерлерінің санын одан әрі ұлғайтуда және әрі

қарай ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл қызметкерлер санын кеңейту бойынша

жоспарларға сәйкес келеді. Жылдық айналымы 1,036 млрд теңгеден асатын ең ірі

компаниялар қызметкерлерінің санын барынша кеңейтті. Өңірлер тұрғысынан алғанда

Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда ШОБ-тың 57%-ы қызметкерлерінің санын

кеңейте алды, ал Алматы мен Астанада мұндай компаниялардың үлесі 31%-ды және

36%-ды құрайды.

Екінші жағынан, төртінші тоқсанда кадрлардың жетіспеушілігіне шағымданатын

компаниялардың саны айтарлықтай өсті. Сондай-ақ бизнестегі кедергілердің басқа

түрлерінің өсуі де байқалады. ШОБ субъектілерінің көпшілігі экономикалық саясатты,

жалға алу құнын және сұраныстың жеткіліксіздігін өз бизнесін жүргізуге негізгі

кедергілер ретінде көрсетеді.

Іскерлік көңіл-күй индексі бойынша, кірістердің ұлғаюына және қызметкерлер

санын кеңейтуге дайын болуға байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары неғұрлым оң

нәтиже көрсетті. Сауда саласы ең нашар нәтиже көрсетті, онда түсімнің өсуі мен

кредит алудың оң трендтері теріс трендтерден әрең асады. Өнеркәсіп пен құрылыс

салалары сауда мен қызметтерге қарағанда аз кедергілерге ұшырайды. Алайда,

компаниялардың көлемдері бойынша сегменттер арасындағы айырмашылықтың бірдей

деңгейін көрсетпейді. Өңірлер тұрғысынан Ақтөбе және Маңғыстау облыстары оң

нәтижесімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Астананың ШОБ субъектілері Алматыдағы

әріптестеріне қарағанда әлдеқайда оптимист болып саналады.

Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы:

«Іскерлік көңіл-күй индексінің компоненттеріне қарағанда, қазақстандық бизнес

белсенді түрде одан әрі кеңеюде және болашақта кеңеюді жоспарлап отыр. Бизнес

субъектілерінің шамамен 30%-ы қарыз қаражатының есебінен кеңеюді жоспарлап

отыр. Кредитке берілетін өтінімдерді мақұлдау ұлғайды және компаниялардың

көбінің кредиттері бар, бұл шағын және орта бизнестегі оптимизмді немесе кредит

алу үшін талаптардың жақсартылғанын көрсетуі мүмкін. Ұлттық Банктің

статистикасы да бұл үрдісті растап отыр. 2023 жылдың басынан 1 желтоқсанына

дейін ШОБ-қа берілген кредиттердің көлемі 5,5 трлн теңгеден 6,4 трлн теңгеге дейін

өсті. Шағын бизнес сегментіндегі өсім ерекше байқалады, ол сол кезеңде қарыз алуды

3,9-дан 4,9 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Жалпы алғанда, шағын және орта бизнесті

зерттеудің екінші толқыны оң трендтің жалғасуын көрсетеді. Алайда, төртінші

тоқсанның маусымдық әсері бар деп болжауға болады».

Компаниялардың көбі (46%) рубль бағамының өз бизнесіне тікелей әсерін әлі де

байқамайды. Мұндай компаниялардың үлесі 2023 жылғы төртінші тоқсанда

айтарлықтай төмендеді. Екінші жағынан, доллар бағамы ШОБ-ты Ресей валютасының

бағамына қарағанда көбірек алаңдатады. Доллар бағамын назарға алмайтын

компаниялардың үлесі рубль бағамын ескермейтін компанияларға қарағанда

айтарлықтай аз. Тек 33%-ы доллар бағамының өзгеруіне немқұрайлы қарады, ал 35%-ы

ауытқулар олардың бизнесіне теріс әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде Салық

кодексіндегі өзгерістер, атап айтқанда ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін

ұлғаюы негізінен теріс қабылданды: оң жауап бергендердің 18%-мен салыстырғанда

теріс жауап бергендердің үлесі 40%-ды құрады.

0
0
366

Презентация комикса «Керей и Жанибек»

7 января в 15:00 пройдет презентация комикса «Керей и Жанибек», который идет первым по счету изданием проекта «100 отечественных комиксов».




Автором проекта является Ильяс Юсупжанов (Юсуф) - писатель, поэт, автор 4 книг, обладатель трех рекордов Казахстана, член-корреспондент Международной Академии Информатизации, член Ассоциации психологов РК.




Проект планирует охватить все Казахское ханство и передать антропологию и исторические факты художественным, а также современным форматом.


Миссией проекта являются:


- Повысить значимость местных иллюстраторов и дизайнеров.

- Создать отечественный продукт.

- Повысить знания среди молодежи о нашей истории.

- Развить количество молодежных творческих проектов.

Комиксы будут доступны на двух языках: казахском и русском. Сейчас же автор проекта открыл предзаказ, где люди приобретая работы, получат их в день мероприятия и презентации комикса.


Дополнительная информация и регистрация по номеру: 8 (707) 425-09-03

0
0
876

Қазақстандағы №1 бухгалтерлік компания иесі болғым келеді

Бухгалтер — экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Кез-келген, тіпті шағын компанияда бухгалтер қызметі бар. Ол қызметкерлердің жалақысын, салықтық төлемдерді, тауар бағасын анықтап, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы есепті жүргізеді.

Штатында бірнеше мамандарға дейін ұстай алатын компанияларда әр бухгалтер тек белгілі бір сала бойынша жұмыс істейді. Бірі — касса мен жалақы төлеміне, екіншісі валюта операцияларына, үшіншісі басқа қызмет түрлеріне жауап береді.  Иә, бізге сыртынан тек қана есепке жауапты маман болып көрінгенімен, осы салының өзіндік қыр-сыры бар екені жасырын емес.

Қазақстанда бухгалтер әйелдер мамандығы деп есептеледі. «Моя зарплата» порталының мәліметінше, бұл мамандық өкілдерінің 83%-ы — нәзік жандылар. Бірақ ер адамдардың жалақысы әріптестеріне қарағанда 5%-ға артық болады. Жалпы ТМД елдерінің көпшілігінде осындай көрсеткіш сақталған. Осы ретте,  біз бухгалтерия саласының жілігін шағып, майын ішіп жүрген маман Ақмоншақ Қалманбекқызымен сұхбаттасқан болатынбыз. 

-  Әңгімемізді өзіңіздің өмірбаяныздан бастасақ. Қай жақтың тумасысыз? Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? 

- Шымкенттің тумасымын.

- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз?

 Көп балалы отбасынан шықтым. 6 қыз 1 ұл болды менің отбасымда.  

- Негізгі мамандығыңыз қандай? 

-  Диплом бойынша мамандығым  бастауыш пәнінің мұғалімі. Дегенмен, қазіргі кезде бухгалтерия саласында қызмет етемін. 

- Бухгалтерия мамандығының қиындығы қандай? 

- Бухгалтер маманының қиындығы қандай да бір саннан қателесуге болмайды. Себебі, бұл сала қателікті кешірмейді.  

- Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? 

- Шынымды айтсам, кішкентай кезімде әнші болып, сахнаға шығуды,  өнер адамы болуды қатты армандадым.

- Сіздің миссияңыз не деп ойлайсыз?

- Жақсылық жасау. Сенесіз бе, мен жақсылық жасаған кезде менде ақшам бітіп қалады, дымсыз қаламын деген қорқыныш болмайды.  Тіпті, ондай ой басыма кіріп те шықпайды. Өйткені, мен оның бәрінің қайтарымы бір Алладан келетініне сенемін.

- Сіздің  жетістігіңіз не?

Менің жұмыстағы ең басты жетістігім курсқа қатысқан шәкірттерім. Онлайн  және офлайн сабақтарыма қатысқан 800-ден астам шәкіртім бар.

- Қалай ойлайсыз біздің халықтың қаржылық сауаттылығы қай денгейде? 

- Қазақстандағы қаржылық сауаттылық деңгейін орташа деп бағалар едім. Пандемия кезінде азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығы едәуір артты. Өйткені сол тұста олардың әлеуметтік жағдайы қиындады, төлем қабілеттері төмендеді, инфляция өте жоғары болды, сонымен қоса жан-жақтан қысып жатқан қымбатшылық секілді дүниелер қаржылық жағынан сауатты болуға әкелді. Қаңтар оқиғасынан кейін ел үкіметі жаңа экономикалық саясаттың жоспарын бекітіп жатыр. Осы кезде халықтың тарапынан тиімді ұсыныстар да түсіп отыр. Мәселен, қазіргі кезде банкроттыққа қатысты заң аясында өз пікірлерін білдіруі де — соның дәлелі. Осындай азматтық белсінділіктен-ақ қаржылық сауаттылықтың артып келе жатқанын байқауға болады. Дегенмен еліміздің кей аймақтарында, өңірлерде қаржылық сауаттылық өз деңгейінде емес екенін айта кету керек.

- Қаржылық тұрғыдан сауатты болу үшін халық нені білуі тиіс?

- Әрбір адам қаражатын саналы түрде жұмсай білу үшін ақшаға деген қарым-қатынасты дұрыстау керек. Өйткені бала кезден бойға сіңіп қалған қасаң көзқарасты өзгертпейінше, ақшаға «қолдың кірі» ретінде қарау адамның қаржылық жағынан тәуелсіз болуына кері әсер етеді.

Ақша – жалпыға бірдей құн рөлін атқаратын ерекше тауар. Оның ерекшелігі кез келген тауар құндылығын бойына сыйдыра алады. Ең алдымен, ақшаға деген дұрыс қарым-қатынасты түзуіміз қажет. Бізде ақшаға көзқарас дұрыс емес. Балаға тәрбие беру кезінде «ақша — қолдың кірі», «дүниеқоңыз болып кетіпті» дегендей сөздер көп айтылады. Осы тұста ақшамен қарым-қатынас құру кезінде балаларды алшақтатып алатын секілдіміз. Сондықтан бұл процес саналы түрде сапалы жүргізілуі керек. Адам өзінің пұлын орнымен, ақыл-парасатымен жұмсай алса, оның несі жаман?! Бауырларыңызға, достарыңызға көмектесе алсаңыз, бұл жақсы емес пе?! Сондықтан біздің азаматтарымыз бай, дәулетті болуға ұмтылуы керек. 

Қысқаша айтқанда, бізде көбісі халық бір күндігін ғана ойлайды. 

- Ертеңгі күнді ойлап өмір сүрген дұрыс па? 

-  Иә, әлбетте. 

- Балаларды қаржылық сауаттылыққа қалай үйретуге болады?

- Баланы ең алдымен еңбекке баулыңыз. Қазір балалардың барлығы қызығатын копилка деген дүние бар. Ол копилканың міндеті - бірінші қағида бойынша үнемі ақша жинау. Әкесі келген соң баласына тиын береді. Ол копилкаға салды. Бірақ копилкадан шыққаннан кейін оған велосипед алып беруі мүмкін. Осы жерде балаға айту керек, көрсету керек. Мынау сенің алғашқы капиталың, мынау сенің болашақтағы ақшаң, оған біз саған депозит ашып қояйық деп бағыттасын. Немесе қазір алтын бар емес пе? «Балам саған 5 грамм алтын алып берем. Бұл сенің өзіңнің жинаған ақшаң, біз сені алтынға инвестиция жасауды үйретейік», - десін. Ол ақшасын жинап бірінші қадамын жасап тұр. Сосын әкесі баласының оқуына, тойына ақша жинайды. Мұны алғашқы қаржылық жоспарлау деп атаймыз. Бала тәрбиесіне келгенде мен әкемнің айтқанын істеген жоқпын, мен әкемнің істегенін істедім. Балаңызды бай болуға тәрбилеймін десеңіз, бүгіннен бастап өзіңіздің жеке қаржыңызды басқарыңыз, ақша жинаңыз. Ақшаны инвестиция жасаңыз. Балаңыз өскен соң оған үйретудің қажеті жоқ, ол өзі де соны істейді. Біздің ата-бабамыз мың жылдай балқып-шалқып  өмір сүрді. Неге? Себебі оларда жазылмаған кодекс болды. Бала ақыл тыңдамайды, әкесі мен шешесінен көргенін жасайды.

 - Несие алуға қатысты көзқарасыңыз қандай?

- Қазір біздің қоғамға несие бірде-бір пайда келтірмейді. Мен жеке қаржыгер ретінде халыққа айтарым, несие алмаңыздар. Кредит - сізді қу тақыр кедейлікке алып баратын тура жол. Несиені тек бизнесмендер бизнесін жүргізіп, дамыту үшін ғана алуы керек. Несие - негізі бизнесмендерге арналған құрал. Олардың айналым капиталын кеңейту үшін, толықтыру үшін несие алу дұрыс. Оған мен келісемін. Ал сізге теледидар, көйлек алу үшін несиенің қажеті жоқ. Қарап отырсаң, ол -маркетинг. Қарапайым ғана айтатын болсақ, тауарды сатудың жолы. Олар сіздің активтеріңізді мүмкіндігінше пассивке айналдырып отыр. Той жасау үшін несие аламыз деп мәз боламыз. Біз несие алғанда қуанбауымыз керек, қайта сіз сондай жағдайға жеткеніңізге жылаңыз.  Сіз балаңздың қуанышында  өз басыңызға үлкен мәселе жасап тұрсыз. Не болса да қаржылық жоспар жасау керек. Қарыз алу деген нәрсе қазіргі уақыттың ғана қуанышы. Сол бір мезеттік қуаныш, жылдар бойы өкінішке алып келеді.

- Болашаққа қойған жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба? 

- Болашақта Қазақстан бойынша № 1  бухгалтериялік компания иесі болғым келеді.

- Бухгалтердің басты қаруы не? 

-Есеп.

—Негізі бұл мамандық- күрделі. Есеп-қисапқа жүйрік болу керек. Солай емес пе?

-Өз басым, есеп-қисапқа мұқият әрі аса байыптылықпен қарау керек деп есептеймін. Санау білемін деген кез келген адам бухгалтер болып кетпейді ғой. Бухгалтер мамандығы — дебет пен кредитті үйлестіре алуға қабілетті, сабырлы адамға лайықты қызмет саласы. Өйткені, қандай да бір мекеменің қаржылық жағдайы, көрсеткіші, кірісі мен шығысы секілді маңызды құжаттардың дұрыс болуы — барлығы осы бухгалтердің міндеті.

- Сұранысқа ие бухгалтер маманы болу үшін не істеу керек?

- Егер сіз сұранысқа ие бухгалтер болып қалғыңыз келсе, онда жиі салық салу мәселелері бойынша бухгалтерлік есеп саласында өз біліктілігіңізді арттырып отыруыңыз тиіс. Ал, ең дұрысы - бухгалтер мамандығына қосымша қаржылық есептілік бойынша да білім алып отырған жөн. 

Белсенділік — бастамашылдық. Үлкен еңбек. Осы еңбекке басында кім баулыды?

— Маған өмірімде үлкен мотивация беретін — отбасым, себебі мені әрдайым алға жетелеп, өздерінің ақылдарын айтып, қателік жіберсем лезде дұрыстай біледі. Әкешімнің “Еңбек ет, талпын, біреудің ала жібін аттама, адал жолмен ғана армандаған, қалаған нәрсеңе, мақсатыңа жетесің” деген, анашымның “Ортаңа сыйлы бол, жетістікке жеттім деп айналаңдағы жандарға биіктен қарама” деген сөздерін жадымнан бір елі шығарған емеспін. Үйдегі үлкен апаларымның әр жерде үздік, өз еңбектерінің арқасында талай жетістіктерге жетіп жүргеніне де куәмін. Сол жандарға қарап, үлгі алып, еңбектеніп келемін және осы еңбегім биік белестерге жеткізетініне кәміл сенемін. 

- Отанасы болу әрі қоғамға әрі қоғамға пайдалы болу қаншалықты қиын, қыз баласы екеніңізді ұмытып кететін кездер болады ма? 

- Бастапқыда екеуін  бірге алып жүру қиындау болды, содан кейін екеуіде жүйеге келгеннен соң жеңілірек болғаны рас.

- Біздің оқырмандарға айтар тілегіңіз болса, халыққа айтар кеңестеріңізбен бөлісіп кетсеңіз? 

-Өздеріңізді дамытып, оқуды оқып алыңыздар. Өйткені, сіздің қазір қабылдаған шешіміңіз болашаққа үлкен жетістіктерге жетуге себепші болады. 

#бухгалтерШымкент

#бухгалтеронлайн

#ҚалманбекқызыАқмоншақ

#Ақмоншақбухгалтер

#АкмоншакКалманбеккызы

0
0
988

Kazakhstan Technology Summit 2024: глубокое погружение в мир IT

 

19 января 2024 года в Алматы пройдёт лучший IT-форум этой зимы, который нельзя пропустить.

Ждём вас на международном Kazakhstan Technology Summit 2024 (K-Tech)!

На Kazakhstan Technology Summit будут раскрыты самые актуальные и горячие темы в IT-сфере.

Хедлайнеры саммита – ведущие мировые и казахстанские эксперты IT-индустрии.

Спикер Marko Stefancic из компании Gartner Slovenia and Kazakhstan представит главные стратегические технологические тенденции на 2024 год, и то, как ИТ-руководители могут использовать их для обеспечения будущего успеха организации:

– приоритезация устойчивых технологических тенденций;

– практическая кибербезопасность;

– инвестиции в технологии и разработку программного обеспечения на базе искусственного интеллекта;

– внедрение машинного обучения в рабочие процессы;

– сохранение устойчивости организации при использовании удалённых кадровых ресурсов и другие.

Gartner – американская исследовательская и консалтинговая компания, специализирующаяся на рынках информационных технологий. Наиболее известна введением в употребление понятия ERP и регулярными исследовательскими отчётами в форматах «Magic Quadrants» и «Hype Cycle».

Более 2200 экспертов в области исследований и консультирования, ежегодно свыше 2500 проектов стратегического консалтинга в сфере технологий.

Сергей Мущенко, Генеральный директор WEG CENTRAL ASIA (Бразилия) раскроет тему, посвященную Data Management. Эффективное управление данными является важнейшим элементом развертывания ИТ-систем. Бизнес-преимущества успешной стратегии управления данными в принятии обоснованных решений, повышении эффективности бизнес-процессов, конкурентоспособности, лучшем управлении рисками и адаптации к изменениям рынка. 

Компания «WEG», штаб-квартира которой расположена в Бразилии, является одним из мировых лидеров по производству электрооборудования. Продукция компании представлена на 5 континентах в 135 странах. Ежедневно «WEG» производит порядка 120 тыс. электродвигателей. Компания имеет более 40 производственных площадок в 14 странах и коммерческие филиалы в 36 странах.

Алиса Плотникова, Executive Director Global CIO расскажет о трансформации роли CIO в компании. Опираясь на исследование профессионального IT-сообщества, Алиса поделится мнением о стратегической роли CIO в современном бизнесе, какие задачи стоят перед ним в 2024 году, о новых вызовах и зонах ответственности, а также на развитие каких компетенций важно обращать внимание ИТ-руководителям.
Компания «Global CIO» — международное профессиональное ИТ-сообщество, в котором состоит более 10000 ИТ-руководителей из 80+ стран. Миссия Global CIO — объединение ИТ-лидеров, консолидация практического опыта в единой базе знаний и выстраивание коммуникаций.

Kazakhstan Technology Summit проводится с 2018 года под эгидой корпоративного фонда Kazakhstan Growth Forum. В числе 250 гостей – владельцы, управляющие и ИТ-руководители бизнеса.

В рамках проведения саммита лучшие IT-профессионалы будут отмечены за успешную реализацию проектов, получив заслуженное признание профессионального сообщества. Награждение пройдёт в номинациях:

ü  The Best CIO

ü  The Best IT-project

Инициатива проведения конкурса The Best CIO/ IT-project призвана отметить ведущих казахстанских  IT-директоров,  которые внесли свой вклад во внедрение технологий и IТ-решений, эффективно их использовали в своих бизнес-процессах, а также компании, которые разработали прорывные продукты. 

Таким образом, Kazakhstan Technology Summit задаёт тренд для соревнования IТ-коммьюнити, развития компетенций, транслирования лучших практик и консолидации базы знаний в области цифровизации. 

Регистрация: https://clck.ru/37ZnM

0
0
328

Аюсай визит-орталығы 3-ке толды

Жалпы аумағы 750 шаршы метр нысанда туристерге дәріс беретін орын, дәретхана, кафесі бар Аюсай 3 жасқа толды.

Несімен таң қалдырады?

"Аюсай" визит-орталығы 2021 жылы ашылды, негізгі мақсаты - келушілердің табиғатқа зиян келтірмей демалуына мүмкіндік жасау. Туристер мұнда Іле Алатауы ұлттық саябағымен танысады, жаяу жүретін соқпақ бағыттарын зерттейді.

Іле Алатауы ұлттық паркінің 35 гектар жері өткен жылдың көктемінде жеке кәсіпкерге жалға берілген еді. Жерді 49 жылға пайдалануға алған инвестор экотуризмді дамытуға ниетті екенін білдіріп, жобасын да таныстырған. Алайда, қоғам белсенділері мен табиғат жанашырларының үлкен сынына ұшырап, басы дауға қалған болатын. Соған қарамастан, Алматыдағы "Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде құрылыс жүріп жатты. Бүгін онда бой көтерген алғашқы визит-орталық жұмысын бастады.

Ерекшелігі неде?

Орталық аумағында ашық аспан астында тамылжыған жұлдызды түндерді тамашалуға мүмкіндік ұсынатын Tau Tas глэмпингі мен кемпингі бар. Бұл жерде саяхаттар, шеберлік сабақтары, квест ойындары, дәрістер мен кино кештері тәрізді түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Орталық айналасында Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өседі. Жақын маңда жерден атқылаған төрт бұлақ көзі бар: бірі жақын маңдағы сарқыраманың, екіншісі кемпингтің жанында және екі бұлақ Мыңкөз жолында орналасқан. Жол суретші Санжар Жұбановтың петроглифтерімен көмкерілген. Сондай-ақ үш сарқырама бар, оларға да экскурсиялар қарастырылған.

"Аюсай" визит-орталығы үш модульден тұрады. Әр модуль шамамен 200 шаршы метр. Ғимарат толығымен ағаштан және әйнектен тұрғызылған. Америкалық технологияны қолдана отырып, жеңіл конструкция түрінде құрастырылыпты. Ғимараттың негізіне бетон құйылмаған, яғни оны салу кезінде топыраққа зиян келмеген. Әрі маңайдағы ағаштарды отамаған.

Модульді нысанда бірнеше дәретхана да бар. Жобаны танымал сингапурлық архитектор дайындаған. Ғимарат Аюсай шатқалының ландшафтына үйлесіп тұр. Визит-орталық wi-fi интернет желісіне қосылған.

Суық мезгілде мұнда бас сұққан туристер жылынып, тегін wi-fi қолдана алады. Ал қалған қызметтер ақылы негізде көрсетіледі. Мәселен:

төрт адам үшін екі сағатқа гид жалдау – 5 мың теңгеден бастап;

коворкингте күндіз уақыт өткізу – 4 500 теңге.

Шатқалда қоршаған ортаға зиян келтірмей әрі қауіпсіз демалудың негіздерін түсіндіру үшін "Тамыр" жабайы табиғатта болу мектебі жұмыс істеп жатыр. Онда волонтерлер мен кәсіби альпинистер тегін лекциялар жүргізеді. Визит-орталық ішінде экологиялық сабақтар үшін арнайы зал да ашылды. 

Мамандардың айтуынша, Аюсай шатқалына инфрақұрылым жасалмас бұрын ұлттық парк қызметкерлері Қазақ ұлттық университетімен және Зоология институтымен бірлесіп экологиялық мониторинг жүргізіп, қоршаған ортаға түсетін рекреациялық жүктемені есепке алған.

Визит-орталықтың жұмыс уақыты:

қыста – 10.00-ден 17.00-ге дейін;

жазда – 07.00-ден 22.00-ге дейін.

Келесі аптадан бастап №28 қалалық автобустың бағыты визит-орталыққа дейін ұзартылады.

0
0
564

Театрально-циркового мюзикла «АЛИСА»

эВпервые в Казахстане, только 30 декабря (11.00, 14.00 и 18.00 часов) во Дворце спорта и культуры им. Балуана Шолака Романов Арена представят цирковой мюзикл для всей семьи - «Алиса» по мотивам классического произведения Льюиса Кэрролла. Зрелищный мюзикл для всей семьи, где от трюков перехватывает дыхание, песни запоминаются с первого раза, а яркие костюмы радуют глаз!

Сказочное представление для всей семьи «Алиса» объединяет несколько жанров: музыкальный театр, современный балет, цирковое и акробатическое искусство, которые гармонично вписаны в сценарий. Мюзикл рассказывает увлекательную историю о заскучавшей девочке Алисе, которая провалилась в кроличью нору и оказалась в Стране Чудес, где её ожидало множество невероятных приключений.

Создатели спектакля сохранили ключевые сцены из книги Кэрролла, остроумно обыграв их и объединив с цирковыми номерами. Вас ждут захватывающее «Колесо Сира», жонглирование булавами и обручами, воздушные гимнасты, красочные костюмы и декорации, живой вокал, а сцена с роскошными гигантскими цветами в сказочном лесу, поющий Чеширский кот, вечно спешащий Кролик заставит поверить в чудеса не только маленьких зрителей, но и взрослых!

Любимых героев сказки представят одни из лучших исполнителей различных жанров: призеры международных цирковых фестивалей, ведущие артисты столичных мюзиклов и актеры театра.

0
0
320

Tiktok ҚР оқу ағарту министрлігі және ҚР БҒМ бірге #Қазақстанмұғалімдері байқауын қорытындылады

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізілген кезекті #Қазақстанмұғалімдері конкурсының қорытындысын шығарды. 

Өткен жылы TikTok платформасы ҚР оқу ағарту министрлігі қолдауымен алғаш рет бүкіл елдегі  мұғалімдерге арналған байқауды бастаған еді. #Қазақстанмұғалімдері бастамасы оқытушыларға өз шығармашылықтарының жаңа қырларын ашуға және қарапайым қысқа бейнероликтер форматында өз пәндері бойынша білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Жоба үлкен табыспен өтті, ал оның хэштегтері қазақстандық сегментте 2022 жылы ең танымалдар қатарында болды.

Ал биыл TikTok жобаның ауқымын одан да кеңейтіп, конкурсқа мектеп мұғалімдерімен қоса, колледж, жоғары білім мекемелерінің оқытушылары да қатысты. ҚР оқу ағарту министрлігі және ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі байқау серіктестеріне айналды. Жобаның ресми амбассадорлары ретіндегі таңдау химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математика пәнінің ұстазы Данияр Сеңгірбай @aks.dani, былтырғы байқаудың жеңімпазы Бекболат Комолов @the_bekbolat01 пен мұғалімдер командасының өкілі Нариман Қарабалинға @jump2mars түсті.

Байқауда еліміздің әр шалғайындағы елді-мекендердің оқытушылары бақ сынады: олар гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық пәндері бойынша креативті әрі қысқа форматта білімдерімен бөліссе, жобаның #УчителяКазахстана және #Қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтері бойынша жалпы қаралымдар саны 800 миллионнан асты!

«Бұл байқау инновациялық қадамдар мен заманауи технологиялар білім беру үдерісін қалай байытатынын және оқытушыларды да, оқушыларды да шабыттандыратынын көрсетеді. Осындай бастамалар білім мен ғылымның дамуына  игі ықпал ететіне сенімдімін» - дейді Қазақстан Республикасының ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Біздің ТикТок-пен бірлесе жүргізген жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтары өздерінің креативті әрі барынша қызықты білімдерімен жастармен, оған қоса әртүрлі буындағы ғаламтор пайдаланушылармен де  бөлісуге мүмкіндік алды. Ұстаздардың жобадан шет қалмай, ғаламтор платформаларын игіліктеріне жаратып, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттағаны қуантады. #Қазақстанмұғалімдері бастамасының мақсаты -  педагогтарды барынша шабыттандырып, білім берудің жаңа шығармашылық әдістеріне жол ашып, оқудың қызықты әрі еліктіре алатын көрсету және елдегі білім контентіне қызығушылықтарын арттыру», - дейді Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова

Келесідей оқытушылар конкурс жеңімпаздары атанды: 

1. «TikTok 2023 мұғалімі»

Бұл номинацияда белгілі бір сала бойынша түсінікті тілмен баяндалған бейнероликтердің креативтілігі  бағаланды. "Ирина Кайратовна" тобының танымал  'Чина" әнін қайта орындай отырып, ұлы физик Исаак Ньютон мен оның заңдарына арналған стильді музыкалық бейнеролик түсірген Алматы қаласының мұғалімі Хайдар Мұрзахметов @neverhaid жеңімпаз атанды. Хайдар кезекті рет Тiktok – физика сияқты күрделі пәнді қызықты да шығармашылық тұрғыда ұсынуға болатынын және edutainment-форматқа арналған мінсіз платформа екенін дәлелдеді.

2. «TikTok оқытушысы 2023»  

Бұл номинация бойынша ЖОО оқытушыларының арасынан ең креативті бейнеролик ұсына білген автор жеңімпаз атанып, бұл марапатқа Алматыдағы робототехника оқытушысы Хамза Дәулетбек @khamza_d лайық деп танылды, ол екі минуттық бейнеролигінде қарапайым тілмен қалай өз бетінше Arduino платформасындағы робот жинауға болатынын түсіндіреді.

3. «Жылдың жаңа мұғалімі» 

Байқау аясында жасалған кімнің бейнероликтері жалпылай алғанда ең көп қаралым жинаса, сол оқытушы жыл ашқан “жаңалық” болды. Бұл аталым бойынша роликтері 8 миллионнан аса қаралым жинаған Жетісу облысы Алаккөл ауданы Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 жеңіске жетті. Оның оңды бейнебаяндары тұрақты түрде мыңдаған қаралым жинаса, ең танымал бейнебаянының қаралымы 3 миллионнан асты.

4. «Үздік бейнеролик»

“Үздік бейнеролик” номинациясы TikTok-та ең көп қаралым жинаған танымдық ролик авторына беріледі. Бұл номинация бойынша логикаға байланысты жұмбақ туралы бейнеролигімен  5 миллионан аса көрініс жинаған Павлодар қаласының харизматикалы мұғалімі әрі оқушыларының сүйіктісі ұстазына айналған Игорь Гноев @andreichadela жеңіске жетті. 

Байқаудың барлық жеңімпазы – ТikTok-тың миллиондаған қолданушыларына бұрынғыдан да сапалы бейнероликтер түсіруге мүмкіндік беретін бағалы iPhone 15 Pro Max смартфонына ие болады.

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу

0
0
258

TikTok совместно с Министерством просвещения и Министерством науки РК подвели итоги конкурса

Ведущая платформа для просмотра и создания коротких видеороликов TikTok подвела итоги очередного конкурса #УчителяКазахстана, проведенного при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан и Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

В прошлом году платформа TikTok при поддержке Министерства просвещения РК впервые запустила конкурс для школьных учителей со всей страны. Инициатива #УчителяКазахстана позволила преподавателям открыть для себя новые возможности для творчества, и в простом формате коротких видеороликов делиться знаниями по своему предмету. Проект прошел с большим успехом, а его хэштеги стали одними из самых популярных в казахстанском сегменте TikTok за 2022 год.

В этом году TikTok сделал проект еще более масштабным, и в конкурсе смогли принять участие как школьные учителя, так и преподаватели колледжей и учреждений высшего образования. Партнерами конкурса стали Министерство просвещения РК и Министерство науки и высшего образования РК. Официальными амбассадорами проекта стали химик Улан Усенов @wannabeteacher, математик Данияр Сенгирбай @aks.dani, победитель прошлогоднего конкурса Бекболат Комолов @the_bekbolat01, а также представитель команды учителей @jump2mars Нариман Карабалин.

В конкурсе приняли участие преподаватели из разных населенных пунктов страны: они делились знаниями в креативном коротком формате по гуманитарным, естественным и техническим дисциплинам, и общее количество просмотров контента по официальным хэштегам проекта#УчителяКазахстана и #қазақстанмұғалімдері превысило 800 миллионов!

«Этот конкурс демонстрирует, как инновационные подходы и современные технологии могут обогащать образовательный процесс и вдохновлять как преподавателей, так и учащихся. Уверен, что подобные инициативы способствуют развитию образования и науки», - прокомментировал министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек.

«Благодаря нашему проекту с TikTok педагоги Казахстана открыли для себя возможность креативно и еще более интересно делиться своими знаниями как с молодежью, так и с интернет-пользователями самых разных поколений. Отрадно, что педагоги не остаются в стороне и используют онлайн-платформы во благо, для популяризации наук и школьных предметов. Цель инициативы #УчителяКазахстана — вдохновить больше педагогов открыть для себя новые творческие пути преподавания, показать, что учиться — это увлекательно и весело, и продолжать повышать интерес к образовательному контенту в стране», — отметила Мереке Нурмуханова, пресс-секретарь Министерства просвещения Республики Казахстан.

Победителями конкурса стали следующие преподаватели:

1. «Учитель TikTok 2023»

В этой номинации оценивалась креативность видеоролика, в котором доступно изложены знания по определенной дисциплине. Победителем стал учитель физики из Алматы Хайдар Мурзахметов @neverhaid, который перепел популярную песню 'Чина" группы "Ирина Кайратовна" и снял стильный музыкальный видеоролик, посвященный великому физику Исааку Ньютону и его законам. Хайдар в очередной раз доказал, что TikTok - это идеальная платформа для edutainment-формата, где даже такой сложный предмет, как физика, можно представить креативно и нескучно.

2. «Преподаватель TikTok 2023»

Победителем в данной номинации стал автор из числа преподавателей вузов, который представил самый креативный видеоролик. Победу забрал преподаватель робототехники из Алматы Хамза Дәулетбек @khamza_d, который в двухминутном видеоролике сумел доступно объяснить, как самостоятельно собрать робота на платформе Arduino.

3. «Учитель-открытие»

"Открытием" стал преподаватель, чьи видеоролики, созданные в рамках конкурса, суммарно набрали больше всего просмотров. Победителем стала учительница русского языка и литературы Ботагоз Омарова @botagozomarova2 из поселка Достык Алакольского раойна области Жетысу, ролики которой набрали более 8 миллионов просмотров. Ее позитивные видео с простым объяснением правил стабильно набирают тысячи просмотров, а у самого популярного видео уже более 3х миллионов просмотров.

4. «Лучший Видеоролик»

В номинации "Лучший видеоролик" победителем стал автор познавательного ролика, набравшего больше всего просмотров в TikTok. Им стал харизматичный учитель из Павлодара и, очевидно, любимец учеников Игорь Гноевой @andreichadela с видеороликом о загадке на логику, набравшим более 5 миллионов просмотров.

Все победители конкурса получат ценные призы - смартфоны iPhone 15 Pro Max, которые позволят снимать им еще более качественные видеоролики для миллионов пользователей TikTok.

О TikTok

TikTok — это ведущее приложение для создания коротких видео. Наша миссия — вдохновлять людей на творчество и приносить им радость

0
0
385

«Шырша Land»: мұз айдынындағы ерекше шоу

  • Ерекше декорация, таңғажайып эффектілер, көздің жауын алатын костюмдер. Бұның барлығы Алматыда 28-29 желтоқсан күні  «Шырша Land» атты бұрын соңды болмаған форматта жаңа жылдық шоуында көрерменге ұсынылатын болады. 

Естен кетпейтін қойылым Алматы аренада өтеді. Мұздағы шоуға  көптеген отандық  мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Араларында республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүргендер де бар. Қойылымның режиссерлері Надя Еремина мен Андрей Еремин болды.

Шоудың продюсеры Дина ҚЫСТАУБАЕВА

Бұл шоу қазір спортпен айналысып жүрген мәнерлеп сырғанаушыларға мотивация береді. Сайыстарда көрсеткіштерін жақсартып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге талпындырады. Шығармашылық жағын шыңдап, актерлік шеберлікті арттыруға септеседі. Сахнаға шығып, көрермендермен байланыс орнатуға көмектеседі. Ал шоуды көрген халық ерекше сезімде болып, қуанып қайтады. .

Аталған шоу театрландырылған қойылымның сценариі атақты мультфильм желісінде өрбиді.

Мұзды шоу шын мәнінде керемет, өйткені балалар мульфильмді жақсы көреді. Кейіпкерлер де керемет. Шын мәнінде, жақсы өтетіне сенім мол.

Балаларға қызықты болатын ертегілер желісі негізінде  жасалған бірегей декорациялар, спортшылардың шеберлігі, күрделі трюктер, әуеде орындалатын  нөмірлер, ерекше, қайталанбас  костюмдер, арнайы эффектілер, жарық және проекциялық шоу - осының барлығы көрерменді толығымен баурап алады және  еш жалықпастан финалға дейін қызықтауға мүмкіндік береді. Қысқасы, барыңыздар көріңіздер, қызық болатыны анық.

Шоудың мотивін ашып спойлер жасайын. Дегенмен, кейбір кейіпкерлердің аты-жөнімен таныс болыңыздар.

Эльза - София Коваленко 

Анна - Кристина Тимошенко 

Өрмекші адам - Мелис Хакимов 

Тор - Асанали Жакишев

Жұлдызды лорд- Елисей Волков

Капитан Америка- Адиль Стананбаев 

Аяз ата- Адиль Жарболов 

Олаф- Айдар 

Моана- Гаухар Наурызова 

Мауи- Бойсангур Датиев 

Жолбарыс - Алика Турсунова 

Барыс- Нурия Камысбай 

Джулиан- Дария Толеш 

Алекс - Александра Иванова 

Жылан - Алина Адилханова 

Маймыл - Султан Азизов 

Батыр- Сандулов Максим, Бакытжанулы Батырхан

Коцюба- Руслан

Мастер Кунг-фу- Зангар Ержан.

#жаңажылдыққойылым

#ШыршаLand



0
0
305