Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Freedom Finance Global компаниясының шағын және орта бизнеске арналған зертеуі

Қазақстандық шағын және орта бизнес, атап айтқанда, оң нәтиже көрсетіп

отырған іскерлік көңіл-күй индексі (ІКИ) және іскерлік белсенділік индексі (ІБИ)

тұрғысынан алғанда оң трендтерді одан әрі көрсетуде. Мұндай нәтижелерді 2023

жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Finance Global

компаниясының бастамасымен Қазақстандағы ШОБ-қа жүргізілген зерттеудің кезекті

толқыны көрсетті. Тоқсан сайын еліміздің барлық 20 өңірінен өндірістік және

өндірістік емес салалардағы бизнестің 500 өкіліне сауалнама қойылып отырады.

Төрт негізгі қосалқы индекстен («Сату», «Кадрлар», «Кредиттер»,

«Инвестициялар») тұратын іскерлік көңіл-күй индексі 2023 жылғы үшінші тоқсандағы

54,5 тармақтан төртінші тоқсандағы 57,6 тармаққа дейін өсті. Бірден 15,8 тармаққа

өскен «Кредиттер» қосалқы индексі негізгі өсу драйвері болды, ал қалған үш қосалқы

индекс аздап төмендеді. Олардың ішінен тек «Инвестициялар» қосалқы индексі

ерекшеленеді, ол 2,9 тармаққа төмендеді, ал қалған екі қосалқы индекс тек 0,3-0,4

тармаққа төмендеді.

Жылдың төртінші тоқсаны түсімнің нақты өсуі бойынша үшінші тоқсанға

қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. 2023 жылдың соңында түсімнің өсуін көрсеткен

компаниялардың саны айтарлықтай өсті, дегенмен олардың барлығы өз үміттерін ақтай

алмады. Салалар бойынша табысты компаниялардың үлесінің неғұрлым өсуі сауда мен

өнеркәсіпте тіркеледі. Саудада түсімін ұлғайта алғандардың үлесі 20%-дан 32,5%-ға

дейін өсті. Өнеркәсіпте ұқсас цифрлар 40%-дан 50%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, қызмет

көрсету саласы жақсы нәтиже көрсетті, оған сәйкес төртінші тоқсанда ШОБ

субъектілерінің түсімі үшінші тоқсандағы 17,6%-ға қарағанда 26,1%-ға ұлғайған.

Шағын және орта бизнес қызметкерлерінің санын одан әрі ұлғайтуда және әрі

қарай ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл қызметкерлер санын кеңейту бойынша

жоспарларға сәйкес келеді. Жылдық айналымы 1,036 млрд теңгеден асатын ең ірі

компаниялар қызметкерлерінің санын барынша кеңейтті. Өңірлер тұрғысынан алғанда

Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда ШОБ-тың 57%-ы қызметкерлерінің санын

кеңейте алды, ал Алматы мен Астанада мұндай компаниялардың үлесі 31%-ды және

36%-ды құрайды.

Екінші жағынан, төртінші тоқсанда кадрлардың жетіспеушілігіне шағымданатын

компаниялардың саны айтарлықтай өсті. Сондай-ақ бизнестегі кедергілердің басқа

түрлерінің өсуі де байқалады. ШОБ субъектілерінің көпшілігі экономикалық саясатты,

жалға алу құнын және сұраныстың жеткіліксіздігін өз бизнесін жүргізуге негізгі

кедергілер ретінде көрсетеді.

Іскерлік көңіл-күй индексі бойынша, кірістердің ұлғаюына және қызметкерлер

санын кеңейтуге дайын болуға байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары неғұрлым оң

нәтиже көрсетті. Сауда саласы ең нашар нәтиже көрсетті, онда түсімнің өсуі мен

кредит алудың оң трендтері теріс трендтерден әрең асады. Өнеркәсіп пен құрылыс

салалары сауда мен қызметтерге қарағанда аз кедергілерге ұшырайды. Алайда,

компаниялардың көлемдері бойынша сегменттер арасындағы айырмашылықтың бірдей

деңгейін көрсетпейді. Өңірлер тұрғысынан Ақтөбе және Маңғыстау облыстары оң

нәтижесімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Астананың ШОБ субъектілері Алматыдағы

әріптестеріне қарағанда әлдеқайда оптимист болып саналады.

Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы:

«Іскерлік көңіл-күй индексінің компоненттеріне қарағанда, қазақстандық бизнес

белсенді түрде одан әрі кеңеюде және болашақта кеңеюді жоспарлап отыр. Бизнес

субъектілерінің шамамен 30%-ы қарыз қаражатының есебінен кеңеюді жоспарлап

отыр. Кредитке берілетін өтінімдерді мақұлдау ұлғайды және компаниялардың

көбінің кредиттері бар, бұл шағын және орта бизнестегі оптимизмді немесе кредит

алу үшін талаптардың жақсартылғанын көрсетуі мүмкін. Ұлттық Банктің

статистикасы да бұл үрдісті растап отыр. 2023 жылдың басынан 1 желтоқсанына

дейін ШОБ-қа берілген кредиттердің көлемі 5,5 трлн теңгеден 6,4 трлн теңгеге дейін

өсті. Шағын бизнес сегментіндегі өсім ерекше байқалады, ол сол кезеңде қарыз алуды

3,9-дан 4,9 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Жалпы алғанда, шағын және орта бизнесті

зерттеудің екінші толқыны оң трендтің жалғасуын көрсетеді. Алайда, төртінші

тоқсанның маусымдық әсері бар деп болжауға болады».

Компаниялардың көбі (46%) рубль бағамының өз бизнесіне тікелей әсерін әлі де

байқамайды. Мұндай компаниялардың үлесі 2023 жылғы төртінші тоқсанда

айтарлықтай төмендеді. Екінші жағынан, доллар бағамы ШОБ-ты Ресей валютасының

бағамына қарағанда көбірек алаңдатады. Доллар бағамын назарға алмайтын

компаниялардың үлесі рубль бағамын ескермейтін компанияларға қарағанда

айтарлықтай аз. Тек 33%-ы доллар бағамының өзгеруіне немқұрайлы қарады, ал 35%-ы

ауытқулар олардың бизнесіне теріс әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде Салық

кодексіндегі өзгерістер, атап айтқанда ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін

ұлғаюы негізінен теріс қабылданды: оң жауап бергендердің 18%-мен салыстырғанда

теріс жауап бергендердің үлесі 40%-ды құрады.

0
0
274

Еще по теме

Freedom Finance Global компаниясының шағын және орта бизнеске арналған зертеуі - Yvision.kz