Қазақстандағы №1 бухгалтерлік компания иесі болғым келеді
Бухгалтер — экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Кез-келген, тіпті шағын компанияда бухгалтер қызметі бар. Ол қызметкерлердің жалақысын, салықтық төлемдерді, тауар бағасын анықтап, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы есепті жүргізеді.
Штатында бірнеше мамандарға дейін ұстай алатын компанияларда әр бухгалтер тек белгілі бір сала бойынша жұмыс істейді. Бірі — касса мен жалақы төлеміне, екіншісі валюта операцияларына, үшіншісі басқа қызмет түрлеріне жауап береді. Иә, бізге сыртынан тек қана есепке жауапты маман болып көрінгенімен, осы салының өзіндік қыр-сыры бар екені жасырын емес.

Қазақстанда бухгалтер әйелдер мамандығы деп есептеледі. «Моя зарплата» порталының мәліметінше, бұл мамандық өкілдерінің 83%-ы — нәзік жандылар. Бірақ ер адамдардың жалақысы әріптестеріне қарағанда 5%-ға артық болады. Жалпы ТМД елдерінің көпшілігінде осындай көрсеткіш сақталған. Осы ретте, біз бухгалтерия саласының жілігін шағып, майын ішіп жүрген маман Ақмоншақ Қалманбекқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Әңгімемізді өзіңіздің өмірбаяныздан бастасақ. Қай жақтың тумасысыз? Қандай отбасында дүниеге келдіңіз?
- Шымкенттің тумасымын.
- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз?
Көп балалы отбасынан шықтым. 6 қыз 1 ұл болды менің отбасымда.
- Негізгі мамандығыңыз қандай?
- Диплом бойынша мамандығым бастауыш пәнінің мұғалімі. Дегенмен, қазіргі кезде бухгалтерия саласында қызмет етемін.
- Бухгалтерия мамандығының қиындығы қандай?
- Бухгалтер маманының қиындығы қандай да бір саннан қателесуге болмайды. Себебі, бұл сала қателікті кешірмейді.

- Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?
- Шынымды айтсам, кішкентай кезімде әнші болып, сахнаға шығуды, өнер адамы болуды қатты армандадым.
- Сіздің миссияңыз не деп ойлайсыз?
- Жақсылық жасау. Сенесіз бе, мен жақсылық жасаған кезде менде ақшам бітіп қалады, дымсыз қаламын деген қорқыныш болмайды. Тіпті, ондай ой басыма кіріп те шықпайды. Өйткені, мен оның бәрінің қайтарымы бір Алладан келетініне сенемін.
- Сіздің жетістігіңіз не?
Менің жұмыстағы ең басты жетістігім курсқа қатысқан шәкірттерім. Онлайн және офлайн сабақтарыма қатысқан 800-ден астам шәкіртім бар.
- Қалай ойлайсыз біздің халықтың қаржылық сауаттылығы қай денгейде?
- Қазақстандағы қаржылық сауаттылық деңгейін орташа деп бағалар едім. Пандемия кезінде азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығы едәуір артты. Өйткені сол тұста олардың әлеуметтік жағдайы қиындады, төлем қабілеттері төмендеді, инфляция өте жоғары болды, сонымен қоса жан-жақтан қысып жатқан қымбатшылық секілді дүниелер қаржылық жағынан сауатты болуға әкелді. Қаңтар оқиғасынан кейін ел үкіметі жаңа экономикалық саясаттың жоспарын бекітіп жатыр. Осы кезде халықтың тарапынан тиімді ұсыныстар да түсіп отыр. Мәселен, қазіргі кезде банкроттыққа қатысты заң аясында өз пікірлерін білдіруі де — соның дәлелі. Осындай азматтық белсінділіктен-ақ қаржылық сауаттылықтың артып келе жатқанын байқауға болады. Дегенмен еліміздің кей аймақтарында, өңірлерде қаржылық сауаттылық өз деңгейінде емес екенін айта кету керек.

- Қаржылық тұрғыдан сауатты болу үшін халық нені білуі тиіс?
- Әрбір адам қаражатын саналы түрде жұмсай білу үшін ақшаға деген қарым-қатынасты дұрыстау керек. Өйткені бала кезден бойға сіңіп қалған қасаң көзқарасты өзгертпейінше, ақшаға «қолдың кірі» ретінде қарау адамның қаржылық жағынан тәуелсіз болуына кері әсер етеді.
Ақша – жалпыға бірдей құн рөлін атқаратын ерекше тауар. Оның ерекшелігі кез келген тауар құндылығын бойына сыйдыра алады. Ең алдымен, ақшаға деген дұрыс қарым-қатынасты түзуіміз қажет. Бізде ақшаға көзқарас дұрыс емес. Балаға тәрбие беру кезінде «ақша — қолдың кірі», «дүниеқоңыз болып кетіпті» дегендей сөздер көп айтылады. Осы тұста ақшамен қарым-қатынас құру кезінде балаларды алшақтатып алатын секілдіміз. Сондықтан бұл процес саналы түрде сапалы жүргізілуі керек. Адам өзінің пұлын орнымен, ақыл-парасатымен жұмсай алса, оның несі жаман?! Бауырларыңызға, достарыңызға көмектесе алсаңыз, бұл жақсы емес пе?! Сондықтан біздің азаматтарымыз бай, дәулетті болуға ұмтылуы керек.
Қысқаша айтқанда, бізде көбісі халық бір күндігін ғана ойлайды.
- Ертеңгі күнді ойлап өмір сүрген дұрыс па?
- Иә, әлбетте.
- Балаларды қаржылық сауаттылыққа қалай үйретуге болады?
- Баланы ең алдымен еңбекке баулыңыз. Қазір балалардың барлығы қызығатын копилка деген дүние бар. Ол копилканың міндеті - бірінші қағида бойынша үнемі ақша жинау. Әкесі келген соң баласына тиын береді. Ол копилкаға салды. Бірақ копилкадан шыққаннан кейін оған велосипед алып беруі мүмкін. Осы жерде балаға айту керек, көрсету керек. Мынау сенің алғашқы капиталың, мынау сенің болашақтағы ақшаң, оған біз саған депозит ашып қояйық деп бағыттасын. Немесе қазір алтын бар емес пе? «Балам саған 5 грамм алтын алып берем. Бұл сенің өзіңнің жинаған ақшаң, біз сені алтынға инвестиция жасауды үйретейік», - десін. Ол ақшасын жинап бірінші қадамын жасап тұр. Сосын әкесі баласының оқуына, тойына ақша жинайды. Мұны алғашқы қаржылық жоспарлау деп атаймыз. Бала тәрбиесіне келгенде мен әкемнің айтқанын істеген жоқпын, мен әкемнің істегенін істедім. Балаңызды бай болуға тәрбилеймін десеңіз, бүгіннен бастап өзіңіздің жеке қаржыңызды басқарыңыз, ақша жинаңыз. Ақшаны инвестиция жасаңыз. Балаңыз өскен соң оған үйретудің қажеті жоқ, ол өзі де соны істейді. Біздің ата-бабамыз мың жылдай балқып-шалқып өмір сүрді. Неге? Себебі оларда жазылмаған кодекс болды. Бала ақыл тыңдамайды, әкесі мен шешесінен көргенін жасайды.

- Несие алуға қатысты көзқарасыңыз қандай?
- Қазір біздің қоғамға несие бірде-бір пайда келтірмейді. Мен жеке қаржыгер ретінде халыққа айтарым, несие алмаңыздар. Кредит - сізді қу тақыр кедейлікке алып баратын тура жол. Несиені тек бизнесмендер бизнесін жүргізіп, дамыту үшін ғана алуы керек. Несие - негізі бизнесмендерге арналған құрал. Олардың айналым капиталын кеңейту үшін, толықтыру үшін несие алу дұрыс. Оған мен келісемін. Ал сізге теледидар, көйлек алу үшін несиенің қажеті жоқ. Қарап отырсаң, ол -маркетинг. Қарапайым ғана айтатын болсақ, тауарды сатудың жолы. Олар сіздің активтеріңізді мүмкіндігінше пассивке айналдырып отыр. Той жасау үшін несие аламыз деп мәз боламыз. Біз несие алғанда қуанбауымыз керек, қайта сіз сондай жағдайға жеткеніңізге жылаңыз. Сіз балаңздың қуанышында өз басыңызға үлкен мәселе жасап тұрсыз. Не болса да қаржылық жоспар жасау керек. Қарыз алу деген нәрсе қазіргі уақыттың ғана қуанышы. Сол бір мезеттік қуаныш, жылдар бойы өкінішке алып келеді.
- Болашаққа қойған жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба?
- Болашақта Қазақстан бойынша № 1 бухгалтериялік компания иесі болғым келеді.
- Бухгалтердің басты қаруы не?
-Есеп.
—Негізі бұл мамандық- күрделі. Есеп-қисапқа жүйрік болу керек. Солай емес пе?
-Өз басым, есеп-қисапқа мұқият әрі аса байыптылықпен қарау керек деп есептеймін. Санау білемін деген кез келген адам бухгалтер болып кетпейді ғой. Бухгалтер мамандығы — дебет пен кредитті үйлестіре алуға қабілетті, сабырлы адамға лайықты қызмет саласы. Өйткені, қандай да бір мекеменің қаржылық жағдайы, көрсеткіші, кірісі мен шығысы секілді маңызды құжаттардың дұрыс болуы — барлығы осы бухгалтердің міндеті.
- Сұранысқа ие бухгалтер маманы болу үшін не істеу керек?
- Егер сіз сұранысқа ие бухгалтер болып қалғыңыз келсе, онда жиі салық салу мәселелері бойынша бухгалтерлік есеп саласында өз біліктілігіңізді арттырып отыруыңыз тиіс. Ал, ең дұрысы - бухгалтер мамандығына қосымша қаржылық есептілік бойынша да білім алып отырған жөн.
Белсенділік — бастамашылдық. Үлкен еңбек. Осы еңбекке басында кім баулыды?
— Маған өмірімде үлкен мотивация беретін — отбасым, себебі мені әрдайым алға жетелеп, өздерінің ақылдарын айтып, қателік жіберсем лезде дұрыстай біледі. Әкешімнің “Еңбек ет, талпын, біреудің ала жібін аттама, адал жолмен ғана армандаған, қалаған нәрсеңе, мақсатыңа жетесің” деген, анашымның “Ортаңа сыйлы бол, жетістікке жеттім деп айналаңдағы жандарға биіктен қарама” деген сөздерін жадымнан бір елі шығарған емеспін. Үйдегі үлкен апаларымның әр жерде үздік, өз еңбектерінің арқасында талай жетістіктерге жетіп жүргеніне де куәмін. Сол жандарға қарап, үлгі алып, еңбектеніп келемін және осы еңбегім биік белестерге жеткізетініне кәміл сенемін.
- Отанасы болу әрі қоғамға әрі қоғамға пайдалы болу қаншалықты қиын, қыз баласы екеніңізді ұмытып кететін кездер болады ма?
- Бастапқыда екеуін бірге алып жүру қиындау болды, содан кейін екеуіде жүйеге келгеннен соң жеңілірек болғаны рас.

- Біздің оқырмандарға айтар тілегіңіз болса, халыққа айтар кеңестеріңізбен бөлісіп кетсеңіз?
-Өздеріңізді дамытып, оқуды оқып алыңыздар. Өйткені, сіздің қазір қабылдаған шешіміңіз болашаққа үлкен жетістіктерге жетуге себепші болады.
#бухгалтерШымкент
#бухгалтеронлайн
#ҚалманбекқызыАқмоншақ
#Ақмоншақбухгалтер
#АкмоншакКалманбеккызы
