Перейти к содержимому

«Шырша Land»: мұз айдынындағы ерекше шоу

Ерекше декорация, таңғажайып эффектілер, көздің жауын алатын костюмдер. Бұның барлығы Алматыда 28-29 желтоқсан күні «Шырша Land» атты бұрын соңды болмаған форматта жаңа жылдық шоуында көрерменге ұсынылатын болады.

Естен кетпейтін қойылым Алматы аренада өтеді. Мұздағы шоуға көптеген отандық мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Араларында республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүргендер де бар. Қойылымның режиссерлері Надя Еремина мен Андрей Еремин болды.

Шоудың продюсеры Дина ҚЫСТАУБАЕВА

Бұл шоу қазір спортпен айналысып жүрген мәнерлеп сырғанаушыларға мотивация береді. Сайыстарда көрсеткіштерін жақсартып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге талпындырады. Шығармашылық жағын шыңдап, актерлік шеберлікті арттыруға септеседі. Сахнаға шығып, көрермендермен байланыс орнатуға көмектеседі. Ал шоуды көрген халық ерекше сезімде болып, қуанып қайтады. .

Аталған шоу театрландырылған қойылымның сценариі атақты мультфильм желісінде өрбиді.

Мұзды шоу шын мәнінде керемет, өйткені балалар мульфильмді жақсы көреді. Кейіпкерлер де керемет. Шын мәнінде, жақсы өтетіне сенім мол.

Балаларға қызықты болатын ертегілер желісі негізінде  жасалған бірегей декорациялар, спортшылардың шеберлігі, күрделі трюктер, әуеде орындалатын  нөмірлер, ерекше, қайталанбас  костюмдер, арнайы эффектілер, жарық және проекциялық шоу - осының барлығы көрерменді толығымен баурап алады және  еш жалықпастан финалға дейін қызықтауға мүмкіндік береді. Қысқасы, барыңыздар көріңіздер, қызық болатыны анық.

Шоудың мотивін ашып спойлер жасайын. Дегенмен, кейбір кейіпкерлердің аты-жөнімен таныс болыңыздар.

Эльза - София Коваленко

Анна - Кристина Тимошенко

Өрмекші адам - Мелис Хакимов

Тор - Асанали Жакишев

Жұлдызды лорд- Елисей Волков

Капитан Америка- Адиль Стананбаев

Аяз ата- Адиль Жарболов

Олаф- Айдар

Моана- Гаухар Наурызова

Мауи- Бойсангур Датиев

Жолбарыс - Алика Турсунова

Барыс- Нурия Камысбай

Джулиан- Дария Толеш

Алекс - Александра Иванова

Жылан - Алина Адилханова

Маймыл - Султан Азизов

Батыр- Сандулов Максим, Бакытжанулы Батырхан

Коцюба- Руслан

Мастер Кунг-фу- Зангар Ержан.

#жаңажылдыққойылым

#ШыршаLand

0
0
252

Еще по теме

«Шырша Land»: мұз айдынындағы ерекше шоу - Yvision.kz