ТЕСТ КЕЗІНДЕГІ ТЫҢ САУАЛ: ҰБТ ӨТКІЗУ ОРНЫНДАҒЫ БЕКЕТ ЖЕТЕКШІСІМЕН СҰХБАТ
Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу деп аталатын кең ауқымды науқан басталып кетті. Биылғы бірыңғай тест 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар үшін бұл кезең оңай тимесі анық. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы техникамен жабдықталған тест тапсыру бекеттері орналасқан.Олай болуы заңды да, себебі бұл білім сынағына орта мектеп бітірген 92827 түлек қатысқалы отыр. Олар республиканың барлық өңірлерінде ашылған 165 тест тапсыру орындарына барып бақ сынайды. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы ең жоғары балл — 140. Дегенмен, көптеген қазақстандық жоғары оқу орындарындағы өту балы кемінде екі есе төмен. Жылдағы тәжірибеден байқағанымыздай, бұл өту балын барлық үміткерлер еңсере алмайды. Талапкерлерге ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі беріледі. (алайда тесттен қайт…