ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨСІМДІКТЕН ЖАСАЛҒАН ИММУНИТЕТ КӨТЕРЕТІН ДӘРІНІҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ
Елдің ғылыми әлеуетін көтеру көбінесе нақты салаға байланысты. Білім және ғылым министрлігінің Ғылым бойынша комитеті бұл байланысты нығайтуға үнемі күш салып келеді. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен Ғылым қоры ҒҒТҚН грант ретінде қаржыландыруы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде қолдану көрсеткішін арттыруға бағытталған. Ал біз сіздерді жобалардың өндірісте қазір қолданылып жүрген түрлерімен таныстыруды жалғастырамыз.
Назарларыңызға осы жобалардың бірін ұсынамыз. Иммунитетті көтеріп, реттеп отыратын препарат жайлы жобаның жетекшісі Қорлан Итжанова әңгімелеп берді. Итжанова ханым фармацевтика ғылымының докторы, «Фитохимия» АҚ бас ғылыми қызметкері.
С: Жоба жалы әңгімелеп беріңізші.
Қ: Біз ойлап тапқан иммунтүрлендіруші дәрілер экологиялық таза, зиянсыз болып саналады. Құрамы тек өсімдік тектестерден тұрады. Бұл синтетикалық дәрі емес. Түп негізін жусанның бір түрінен алдық. Осы сөйтіп таблетка жасап шықтық.
Біздің жоба ұлттың өмір сүру сапасын жақсартып, денсаулығын сақтап қалуға жауап береді. Бұл елдегі ғылымды дамытудағы басты бағыттардың бірі. Қор дәл осы бағытты бағдар қылып отыр. (бұл бағыттар жайлы Қор президенті Әнуарбек Сұлтанғазинмен болған сұқбат барысынан біле аласыздар.
(https://vk.com/edugovkz?w=wall-120804658_1342)
Дәрілердің сынама түрлерін біз 2016 жылы желтоқсан айында бастадық.
Бүгінде иммунитеттегі кемшілікті түзеу – денсаулық сақтау саласындағы негізгі мақсат-міндеттердің бірі болып саналады. Көптеген аурулар мен ағзаның өтпелі кезеңдері иммунитеттің тапшылығына алып келеді. Нашар экология иммунитеттің әлсіреуіне әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да тиімді иммунтүрлендіргіш дәрі түрін іздеу – медицинаның келешегі, басты бағыты. Бірақ бір қиындық бар. Кейде бір дәрі қолданылуы мен дозасына байланысты иммунитетті қамшылап немесе керісінше әлсіретіп те жіберуі мүмкін. Бір элементтерді белсенді ете түссе, біреулерінің әсерін төмендетеді. Иммунтүрлендіргіш дәрілердің көптігіне қарамастан, жанама, немесе қарсы көрсетілімдеріне байланысты клиникада қолдануға шектеу қойылады. Кешенді әсері бар жаңа, тиімді препараттарды енгізу емдеуші дәрігерлердің нақты ақпарат жоқтықтан қатып қалған қағидасын бұзады. Біз зерттеу жүргізіп, науқастардың капсула түріндегі дәріні ішкенге дейінгі және ішкеннен кейінгі жағдайын бақыладық. Нәтижесінде дәрі ағзаға ауырлық түсірмей, иммунтүрлендіргіш ретінде қауіпсіз екенін дәлелдеді. Бұны ерікті түрде ем алғандар арасында бүйрек, бауыр қызметінің қалыптылығымен, аллергиялық реакцияның болмауынан байқаймыз.
С: Иммунтүрлендіргіш дәріні шығарудың тиімділігі неде? (экономикалық немесе қандай да бір басқа себебі)
Қ: Біріншіден, дәрі өндірісінде уытты еріткіштер қолданылмайды. Дәрі экологиялық таза, табиғи шикізаттан жасалған. Өзіне тән иісі де жоқ.
Екіншіден, біз ойлап тапқан дәрі қолдануға ыңғайлы, кейбір сұйық, қоймалжың дәрі түрлеріне қарағанда қолдану мөлшері нақты. Сонымен қатар әсерін ұзақ уақытқа сақтайтындығымен ерекше. Яғни препарат ащы ішек пен тоқ ішекке аман-сау жетеді. Себебі сырты асқазан қышқылынан қорғайтын арнайы үлдірмен қапталған.
Үшіншіден, сапасына кесірі тимейтіндей етіп, қорабы мен тасымал құнын төмендете алдық. Нәтижесінде дәріні өндіруде өзін-өзі ақтайтындай жағдай жасалды. Болжамымыз бойынша, құны залықтың қалтасы көтеретіндей шамада болады. Бұл дәрінің сұйық, қоймалжың таблетка, капсула түріндегі басқа аналогтары біздің дәрімізден үш есеге дейін қымбат тұрады. Біздің таблеткалардың бір қорабы 1500 теңге тұратын болса, өзге өндірушілердің осындай дәрілері 5000 теңгеден жоғары болып келеді.
С: Сіздің емдік препаратыңыздың әлемде аналогы бар ма?
Қ: Мысаға Ресейді алайық. Бүгінгі күні медицинада иммунтүрлендіргіш препараттарды қолдану барысында микробты, эндогенді (адам ағзасында интерферонның пайда болуын күшейтетін) түрлері мен синтетикалық және химиялық түрлеріне рұқсат берілген. Сондай-ақ замауи иммунтүрлендіргіш препараттар да бар. Ал өсімдіктерден жасалған иммунтүрлендіргіш препараттар мен биологиялық белсенді қоспалар кешенді зерттеу кезеңінде.
С: Сіздің жобаңызда кімдер жұмыс істейді
Қ: Біздің зерттеу командамыз 7 адамнан тұрады. Мен жоба жетекшісімін. Фармацевтика саласында жиырма жылдық өтілім бар. Фармацевтика ғылымдарының докторы, профессоры деген атағым бар. Менімен бірге жобада жұмыс істейтіндер:
- Лейла Арыстан — медицина ғылымдарының кандидаты;
- Нургул Пирманова, Айгерим Мукажанова — магистранттар;
- Ербол Жеткенбай — инженер;
- Тогжан Асылханова — химик-талдаушы;
- Юрий Ушаков — ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциализациялаумен айналысатын маман.
С: Зерттеулеріңізді қай жерде жүзеге асырып жатырсыздар?
Қ: Препарат дайындалу кезеңінде. Біз алыс, жақын шет елдердің өндіріс технологиялары мен халықаралық тәжірибелерге сүйеніп отырмыз (Беларусь, Германия). Қабықшасы бар таблетканың сынама түрлерін біз 2016 жылы «Академфарм» Мемлекеттік унитарлы кәсіпорынының жанында шығарғанбыз. Бұл кәсіпорын «Беларусь республикасы» GMP өндіріс сертификатына ие. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар «Фитохимия» Ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ базасында жүргізіліп жатыр. Ол жерде мен аға ғылыми қызметкер болып еңбек етемін.
Біздің компанияның басты бағыты:
- Химия, фармация және дәрілік заттардың технолоиясы саласында фундаменталды және қолданбалы зерттеулер;
- Дәрілік препараттарды шығаруға қажетті ғылыми толымды, барлық халықаралық стандарттарға сай технологиялар жасау.
Биылғы жылдың қыркүйек айына қарай таблеткалардың клиникаға дейінгі зерттеулерінің нәтижелерін күтеміз. Клиникада зерттеу жүргізуге рұқсат алған соң еріктілерге сынақ жүргізе бастаймыз. Дәрінің қолдану мөлшерін Мәскеу фармакология институтының мамандары 2007 жылы-ақ есептеп қойған. Ол есеп бойынша капсула түріндегі препарат жасалып, таблеткаға белгіленген доза пайдаланылды. Бізде өкінішке орай дәрінің қолдану мөлшерін белгілеп беретін институттар жоқ.
Клиникалық жұмыстардан соң зерттеудің екінші, үшінші кезеңі тұр. Біз препаратты дәрілерді зерттеудің ұлттық орталығында тіркеуіміз керек Тек осыдан кейін ғана рұқсат алып, оны сатуға шығара аламыз.
Жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың соңына қарай жоспарланған. 2020 жылдың басында дәріні көтерме бағамен сатылымға шығарамыз.
С: Бұл байқауға қатысуға, Ғылым Қорының қаржыландыруы үшін сайысқа түсуге не түрткі болды?
Қ: Иммунтүрлендіргіш препараттарды шығару бойынша жұмыстар 2007 жылдан басталды. Ол кезде біз капсула түріндегі дәрілер шығаруды жоспарлағанбыз. Яғни, біздің байқауға өтінім бермес бұрын әжептәуір жұмыс көлемі болды. Біз дәрінің қолдану мөлшерін білдік, препараттың белснділігін дәлелдедік. Бірақ біз бір проблема бар екенін ұқтық. Біздің елді ішекте ертитін капсулаларды ешкім шығармайды екен. Сөйтіп Қытай мен бельгияға сұрау салдық. Қытайдағы өндірушілердің зауыты өртеніп кетті. Ал бельгиялық капсулалардың сапасы біздің талабымызға сай келмеді. Олардың капсулалары асқазанда-ақ еріп кетіп жатты. Бұл дәрінің тиімділігін төмендетеді. Бельгиялық препарат бірегей жетілтіруді қажет ететін еді. Бұл біз үшін аса қымбатқа түсер еді. Сондықтан да біз технологияларды жетілдіріп, таблеткаларды үлдір қабықшалы етіп жасадық. Осының арқасында бұл дәрілер көпшілікке қол жетімді болады.
Республика аумағында біз проблемамызды шешіп беретін бір де бір кәсіпорын таппадық. Елде бірқатар зауыттар болғанына қарамастан (Химфарм, Нобель Фарм, Глобал Фарм) және олар GMP халықаралық стандартына ие екеніне қарамастан, олардың жаңа дәрі формасының рецептін жасап шығаруға құқықтары жоқ. Олардың қызметтері дженериктер — Түркия мен Польша дайындайтын дайын рецептті дәрілер шығаруға бағытталған.
Біздің елде бірегей формулалы дәрі жасауға болатын жаңа субстанция, молекула дайындауға арналған бір-де бір тәжірибе-өндірістік алаңы жоқ. Біз қаржыландыру мен мәселенің шемімін шет елден іздеуге мәжбүр болдық.
Ғылым Қорынан ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру туралы ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің сайтынан білдік. Кейіннен бізге Қор командасы келіп, құжат тапсыру тәртіптері туралы консультация берді. Байқауда жеңіске жеткен соң біздің зерттеулерімізді жалғастыруға мүмкіндігіміз болды.
Қор 100 млн теңге бөлді. Оның 12 млн-ы қосымша құн салығын төлеуге кетеді. 2016 жылы 22 млн бірінші траншқа қол жеткіздік. Оған Минскіде үлдірлі қабығы бар таблеткаларды сынақ ретінде жасадық (ғылыми және қаржылық есебін Қорға ұсынғанбыз). Қалған 66 млн теңгеге реактивтер, материалдар мен бірегей құрал-жабдықтар сатып аламыз. Оларды біз германиядан тапсырыс беріп алдырамыз. Дәл осы тапсырыстарымыз қабықшасы бар таблетка жасап шығаруға қажет. Команда мүшелері еңбекақыны қаржыландырудың қосымша көздерінен алады (жеке әріптестер жағынан). Біздің болжамамымыз бойынша, жоба 2025 жылдарға қарай ақталады.
С: Біздің елде жүргізіліп отырған реформаны қалай бағалар едіңіз?
Х: Қазір фармацевтика саласындағы саясат сырттан тасымалданатын дәрілер көлемін азайтып, технологияларды коммерциализациялауды көздейді. Бұл мені және менің әріптестерімізді қатты қуантады. Бұл стратегияны жүзеге асыу үшін ғылыми ізденістер қажет, менің ойымша, фундаменталды және қолданбалы ғылымның қай қайсысына болса да бірдей қолдау қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынсыз өнім шығаруға көшу мүмкін емес екенін өздеріңіз де білесіздер.
С: бүгінде зерттеу жүргізіп жатқан және ол зерттеу жұмыстары үшін қаржы көздерін іздейтін ғалымдарға қандай кеңес берер едіңіз?
Қ: Ең алдымен команда маңызды. Өз тәжірибеме сүйенер болсам, жоба бойынша түрлі сала мамандары жұмысқа кіріскенде нәтиже де көп ұзамай көрінеді. Бізде алты адам зерттеумен де, тәжірибелік жұмыстармен де айналысады. Тек біреуі ғана өнімді нарыққа таныстырып, жарнамалау жұмыстарына жегілген. Ол халық арасында әлеуметтік сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, аурулар мен қолда бар дәрілерді зерттеген. Ғалымдарға тынбай еңбек етуді тілеймін. Өз күштеріне сенсін, грант бөлетін байқауларға қорықпай қатыса берсін. (Қордың жобасына ұқсас).
Мәтінмен байланысты басқа сұхбаттарды келесі сілтемелер бойынша оқи аласыздар:
- Ғылым Қорының 2016 жылғы жұмыстарының нәтижелері.;










