Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕСТ КЕЗІНДЕГІ ТЫҢ САУАЛ: ҰБТ ӨТКІЗУ ОРНЫНДАҒЫ БЕКЕТ ЖЕТЕКШІСІМЕН СҰХБАТ

Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу деп аталатын кең ауқымды науқан басталып кетті. Биылғы бірыңғай тест 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар үшін бұл кезең оңай тимесі анық. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы техникамен жабдықталған тест тапсыру бекеттері орналасқан.Олай болуы заңды да, себебі бұл білім сынағына орта мектеп бітірген 92827 түлек қатысқалы отыр. Олар республиканың барлық өңірлерінде ашылған 165 тест тапсыру орындарына барып бақ сынайды.

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы ең жоғары балл — 140. Дегенмен, көптеген қазақстандық жоғары оқу орындарындағы өту балы кемінде екі есе төмен. Жылдағы тәжірибеден байқағанымыздай, бұл өту балын барлық үміткерлер еңсере алмайды. Талапкерлерге ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі беріледі. (алайда тесттен қайта өтуге тура келеді).

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын білудің ең оңтайлы жолы – сынақ тапсыратын оқушылар мен осы шараны ұйымдастыруға қатысы бар жандармен сөйлесу. Сондықтан да біз Ұлттық бірыңғай тестілеудің қазанында қайнап жүрген жандармен сұқбаттасуды ұйғардық. Олар: тест өтетін бекеттің жетекшілері, мектеп директорлары, осы ұлттық біріңғай тестілеудің қызығы мен
шыжығын көретін түлектердердің өздері.

Ұлттық бірыңғай тест өтетін бекеттің ашылуына жан-жақты дайындық: маңызды мәселелер

Біз Алматы Халық шаруашылығы университетінің кең дәрісханасына орын тепкен осындай тест өтетін бекеттердің біріне (Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №2 филиал) бас сұғып едік. Бұл тест тапсыру бекетінің жетекшісі Амандосов Мәрлен Әмірқожаұлы. Мәрлен мырза сынақ тапсырушылардың қауіпсіздігінен бастап, тестті өткізудің техникалық жағдайларына дейінгі аралықтағы барлық мәселелерге жауап береді. Мұнымен қатар, Марлен Әмірқожаұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан келген жұмысшы тобын да ертіп жүретін болады.

Тест өткізудің барша кестесі жолға қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл процестің өзі қызықты болып тұр. Халық шаруашылығы университеті көп жылдық үзілістен соң өз аумағында Ұлттық бірыңғай тест тапсырушыларды қабылдайын деп отыр. Бұл жерде соңғы рет тест сынақтары 2004, 2006, 2008 жылдары өткен болатын.

Ұйымдастырушылардың атқарған жұмысы орасан зор. Олар аудиторлық қор тауып, оны Білім және ғылым министрлігінде мақұлдатып, бекіттірген. Дегенмен, олардың айтуынша, ең қызықты сәттер – сынақ болар алдындағы дайындық екен. Атап айтқанда: отыратын орындарды белгілеу, техникалық құрал-жабдықтар, металл іздейтін қол құралдар мен жақтау түріндегі метал іздегіштерді орнату, нөмірлерді жапсыру. Дайындық шараларарының маңызды бөлігі деп балаларға мерекелік, салтанатты көңіл-күй сыйлауды айтуға да болады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар мұнда таңғы тоғыздан күндізгі үшке дейін кезекшілік атқаратын полиция қызметкерлерімен де алдын-ала әңгімелесу өткізіп шықты. Тәртіп бойынша олар ғимарат аумағын қоршап, тестке қатысушылардың қасында үнемі болуы керек, бейнетрансляция да ұйымдастырылған.

Тестке қатысушылар және аппеляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыру

Мұнда тұңғыш рет жергілікті №71 және №59 мектептердің бітірушілері сынақ тапсырғалы отыр. (қазақ және орыс тілінде оқыған) Жалпы саны - 529 бітіруші бар. Оның 308-і орыс тілінде тест тапсыратын болса, 221—і қазақ тілінде бақ сынайды. Бұл аумақ Халық шаруашылығы университеті мен Түрксіб ауданына қарайды.

Шағым беру комиссиясы мен оның төрағасы бекітілген бұйрықпен алдын-ала танысқан. Осылайша, комиссияны Алматы қаласының басшылығы жинақтап, құрамын бекіткен. Ол топқа барлық пән мүғалімдері кіреді. Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен күннің ертеңінде комиссия түскен шағымдарды қарап, барлық сұрақтарға жауап беруге сақадай сай отырады. 
Комиссияның жұмыс кестесі: 9:00 - 13:00 аралығы.

Бекеттердің ашылуына бірнеше минут қалды. Ұйымдастырушылар мен сынақ тапсырушыларға сәттілік тілейміз!

Келесі шығарылым барысында біз Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын өзге де тұлғалар жайында әңгімелейтін боламыз. Олар: №71 мектептің директоры Кулик Светлана Николаевна және №106 мектептің қарапайым, бірақ есімі ерекше түлегі Чин Давид Ен-Тхянович.


0
0
1011

Еще по теме