Малайзияның Қазақстандағы елшілігі журналистер мен тур агенттіктерге арнап семинар өткізді
Жақында Малайзияның Қазақстандағы елшілігі журналистер мен тур агенттіктерге арнап семинар өткізді. Қазақстандағы Малайзия елшілігінің туризм бөлімінің директоры Нор Шазли Бин Азми Әрқайсыңызға біздің семинарға қатысуға арнайы уақыт бөліп келгеніңіз үшін алғысым шексіз. Осы өңірдегі ішкі және сыртқы туризм индустриясын ынтымақтастықта бірге дамытамыз деп үміттенемін. Осы орайда Алматы қаласындағы Малайзия елшілігі жанындағы Туризм бөлімін ашық деп жариялай отырып, болашақта сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенімдемін.Малайзия елшілігінің мұндағы мақсаты – екі ел арасындағы ғылым, білім және мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу. Мұндай семинарлар халықаралық тәжірибеге тиімді, әрі отандастарымыздың Малайзия еліне сапар шеуінің арқасында мол мүмкіндіктер ашатыны бел…