Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

Малайзияның Қазақстандағы елшілігі журналистер мен тур агенттіктерге арнап семинар өткізді

Жақында Малайзияның Қазақстандағы елшілігі журналистер мен тур агенттіктерге арнап семинар өткізді.

Қазақстандағы Малайзия елшілігінің туризм бөлімінің директоры Нор Шазли Бин Азми

Әрқайсыңызға біздің семинарға қатысуға арнайы уақыт бөліп келгеніңіз үшін алғысым шексіз. Осы өңірдегі ішкі және сыртқы туризм индустриясын ынтымақтастықта бірге дамытамыз деп үміттенемін. Осы орайда Алматы қаласындағы Малайзия елшілігі жанындағы Туризм бөлімін ашық деп жариялай отырып, болашақта сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз деген сенімдемін.

Малайзия елшілігінің мұндағы мақсаты – екі ел арасындағы ғылым, білім және мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу. Мұндай семинарлар халықаралық тәжірибеге тиімді, әрі отандастарымыздың Малайзия еліне сапар шеуінің арқасында мол мүмкіндіктер ашатыны белгілі. Елшілік өкілі Малайзияға барудың тиімді турлары туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ Малайзия елі асханасының алуан түрлілігіне баса назар аударды.

"Малайзия кез келген труистке тек академиялық мүмкіндіктер ғана емес, сондай-ақ мәдени құндылықтармен танысуға, ізденіс аясын кеңейтуге мүмкіндіктер ұсынады", - деп атап өтті Нор Шазли Бин Азми.

Екі ел арасындағы ынтамақтастық Малайзия асханасымен танысуға мүмкіндік беріп қане қоймай, Малайзия елінің терезесін ашуға, мәдениетімен танысуға ықпал етті.

Семинар соңында студенттер мен оқытушылар Қазақстандағы Малайзия елшілігінің туризм бөлімінің директорына сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Журнлаистер мен турагенттіктерге арнайы семинар өткізудің басты мақсаты - ислами және зайырлы модельдің екеуін де қатар өргізіп, түрлі ұлыстарды тең ұстап, замананың тамырын басып, технологиясын дамытып жатқан Малайзияның туризмін жан-жақты таныстыру, мүмкіндіктерін көрсету.

Бір қуанарлығы енді біздің елімізден Малайзияға сапар шегу оңайламақ.

Индонезиялық Bek Air авиакомпаниясы 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап Куала-Лумпурдан Ташкентке тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар жұма күндері аптасына бір рет Airbus A330 ұшақтарында жүзеге асырылады.

Малайзиялық Air Asia x Авиакомпаниясы 2024 жылғы 14 наурыздан бастап Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Олар аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) сыйымдылығы 285-тен 377 орынға дейінгі А-330 типті ұшақтарда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, FlyDubai 10-дан бастап Лангкави халықаралық әуежайына және Пенанг халықаралық әуежайына Дубай арқылы 2024 жылдың ақпан айынан бастап рейстер жұмыс істей бастайды.

#Малайзияелшілігі

#Малайзиятуризм

#НорШазлиБинАзми

0
0
257
Баннер сообщества Культура

Еще по теме