Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Басты мақсат – қазақ журналистерін әлемдік деңгейде дамыту

2-4 желтоқсан аралығында Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры”ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын өткізді.

Жиынға Қазақстанның барлық облыс, аудандарымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерландтан түркітілдес БАҚ басшылары мен өкілдері және әрине еліміздің түкпір-түкпірінен келген қаламы қарымды журналистер қатысты.

3 күнге созылған шара пресс турмен басталды. Одан кейін «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өтеді. Кешке қаржы тақырыбындағы «Еркін сөз» байқауы мен «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен жалғасты.

Соңғы күні «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтті.

Қазір бәріміз жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан әрине, «Жасанды интеллектіні журналистикада қолдану» тақырыбы журналистер қауымы үшін әрқашанда қызықты.

Семинар-тренингте жасанды интеллектіні журналистикада қолдану, you tube-арнаны жүргізу, монетизация, бизнес журналистика, психология, әлеуметтік журналистика тақырыптары бойынша отандық және шетелдік тәжірибелі спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Елімізді әлемге танытып жүрген суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» көрмесі әлеуметтің ахуалын әдемі жеткізеді. Телефон жастанып жатқан жас баланың бейнесі қатты ойлантты, өйткені барлығымызда да бала бар және оның болашағына алаңдайтынымыз рас.

Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы

Бұл медиа форумының атауын «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» атауымыздыз өзіндік себебі бар. 2023 жылдың 3 қарашасында Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтті. Халықаралық жиында Қазақстан Ұйым төрағалығын қабылдап алды. Президент Қ.Тоқаев: «Түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз «ТҮРКІ ДӘУІРІ!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтеді» деп мәлімдеді. Осы орайда, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітіліп, Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамыту мақсатында маңызды 8 бағыт – салт-дәстүр, түбі бір түркіге ортақ құндылықтарды біріздендіру, реформалар, ғылым, сенім, инвестиция, медиация және энергияға басымдық берілген болатын.

Тура осы басты бағыттардың арасында түркітілдес бұқаралық ақпарат құралдарының бірлігі де болуы тиіс. Себебі, кез келген бастаманы халыққа жеткізіп, насихаттайтын – БАҚ өкілдері. Соңғы кездері соғыстар, пандемия, климаттың өзгеруі, ресурстар тапшылығы, экономикалық қиындықтар, медиа саласындағы бәсекелестіктің артуы, ақпараттық манипуляция мен жалған ақапарттардың күшеюі, БАҚ-тағы кәсіби этиканың жиі сақталмауы Қазақстанмен қатар әлемдік журналистиканың басты проблемасына айналған.

«Басты мақсат – қазақ журналистерін әлемдік деңгейде дамыту, халықаралық БАҚ және медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен бірге ортақ жобаларды жүзеге асыру. Соңғы кездері отандық БАҚ өкілдеріне қысым мен шабуыл жиіледі. Осы орайда, Түркітілдес журналистер қоры қажет болған жағдайда қазақ журналистердің құқын Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы арқылы әлемдік деңгейде қорғауды көздейді. Бүгінде мың құбылған әлем бірігуге, бір болуға мәжбүрлейді. Қазақтың «бөлінгенді бөрі жейді» деуі тегін емес. Сондықтан бауырлас халықтармен іргеміз ажырамасын. Біз, қазақ журналистер, түбі бір түркінің медиа саласын бірге дамытуға күш салайық.

Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға атсалысып, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды атқарып жүрген жүрген Түркі тілдес журналистер қорының ұжымына да ерекше Нәзия Жоямерген ханымға мың алғыс! Мұндай шаралар журналистерге көп тәжірибе беретіні анық.

#wfpa #дшба #worldforeignpressassociatian #түркітілдесжурналистерқоры

#фондтюркоязычныхжурналистов

#turkdilikonuşangazetecilervakfı

#turkicspeakingjournalists #шеврон #chevron

0
0
226

Еще по теме

Басты мақсат – қазақ журналистерін әлемдік деңгейде дамыту - Yvision.kz