Newsky Award 2023 несімен ерекшеленді?
30 қараша күні Алматыда БАҚ өкілдері мен блогерлер арасындағы«Newsky Award 2023» халықаралық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Биыл кәсіби журналистерден бөлек студенттер мен блогерлер де алғаш рет «Үздік жас журналист» және «Әлеуметтік желідегі үздік блог авторы» аталымдарында бағын сынады.Салтанатты жиынға дипломатиялық миссиялардың елшілері мен басшылары, діни өкілдіктер, медиа тұлғалар, мәдени қайраткерлер, белгілі отандық және шетелдік журналистер қатысты.Халықаралық сыйлыққа Қазақстан, АҚШ, Канада, Италия, Испания, Франция, Түркия, Хорватия, Ұлыбритания, Қытай, БАӘ мен Орталық Азия елдерінен 4 мыңнан астам журналист материалдарын ұсынса, 70 БАҚ өкілі үміткерлер тізіміне енген.«Newsky Award» халықаралық медиа-сыйлығы кәсіби халықаралық және қазақстандық журнал…