Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының финалистері анық

Алматыда "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушылары биылғы финалға қатысатын 25 аруды таныстыру кешін өткізді.

Сонымен, жақында, нақтырақ айтқанда 14 желтоқсанда бірнеше кезеңнен тұратын кастинг нәтижесінде іріктеліп алынған 25 финалист елдің ең сұлу аруы атану үшін бақ сынамақ.

"Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауының финалы 14 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Салтанатты шараға кастингтер мен байқаудың жартылай финалы нәтижесінде іріктеліп алынған 25 ару қатысатын болады.

Байқауға қатысушы аруларға келесідей негізгі талаптардыңбірі: жасы 18-25 арасында, бойы 165 см-ден кем емес, ҚР азаматы, тұрмысқа шықпаған болуы тиіс. Әрине, баласы болмауы керек.

Сұлулық байқауының PR директоры Кәмшат Әкімқожа

Неліктен мұндай параметрлер қойылғанын түсіндірейін. Бұл шарттарды біз өзіміз ойлап тапқан жоқпыз. «Қазақстан аруы» байқауы үш халықаралық байқаудың, яғни «Әлем аруы», «Жер аруы» және «Ғалам аруы» байқауларының лицензиаты. Олармен жасасқан келісімшартта байқауды өткізу ережелері туралы лицензиялық құжат бар. Біз олардың талаптарына сүйенеміз және «Әлем аруы» байқауы сол параметрлер бойынша қабылдайды.

Сұлулық байқауының кастинг-директоры, бұрынғы «Қазақстан аруы», «Алматы аруы» Диана Әбішева

Байқауға қатысушы қыздар байқаудың ұйымдастыру комитетінің кастинг-бөлімінен іріктеліп алынды. Сайтқа еліміздің әр өңірінен 30 мыңға жуық өтініш түскен. Одан бөлек, ұйымдастырушылар параметрлерге сай келетін қыздарды әлеуметтік желі арқылы өз бетінше іздеп, шақырған. Нәтижесінде олардың ішінен 25 қыз жартылай финалға өткен. Олардың арасында өңір жеңімпаздары бар.  «Филлер мен басқа заттарға келер болсақ, әрине ережеде қыздар татуажсыз, ұзартылған кірпіксіз, үлкейтілген ерінсіз болуы туралы жазылған. Біздің финалист қыздардың арасында жасанды көрінетін бірде-бір қыз жоқ, олардың барлығы өте сұлу… Сондай-ақ олардың көпшілігі бүгінде жақсы модельге айналған.

Алдын ала хабардар болу үшін, сұлулық байқауының финалына өткен жеңімпаз есімдерімен таныстыра кететін болсақ. Алина Имирова, Аяулым Әлімхалиева, Рабиға Насуруллаева, Аяулым Сәлімова, Севинч Тәжібаева, Сабина Идрисова, Дарья Подгорная, Наталья Петри, Мадина Әлмұханова, Аяна Нұрқасымова, Айша Нарымби, Тілекші Бисембаева, Ақтоты Жүнісбекова, Аделина Багумбаева, Айбарша Лекерова, Аяжан Жұмагереева, Диана Ербосын, Дарина Бәйдібекова, Яна Полыгалова, Аружан Қуатбаева, Мадина Ещанова, Карина Бримжанова, Ботагөз Нұржігітова, Анна Зорина, Аружан Арыстан. Осы аты аталған 25 ару жақында бақ сынамақ. Ендеше, қыздарға және байқау ұйымдастырушыларына сәттілік тілейміз.

0
0
433

Еще по теме

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының финалистері анық - Yvision.kz