ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға дайын

МО РК 2014 M02 11
334
0
0
0

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына...

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Ұлттық Мәңгілік ел идеясы – тәуелсіз Қазақстан дамуының шамшырағы» деген атпен дөңгелек үстелі өткізілді.

Биыл Каспий кемелер жасағы тағы бір отандық заманауи жауынгерлік кемемен толығатынын мәлімдеген Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Қайрат Мыңжанов:

– Елбасының ұзақ мерзімді «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін бәріміз жұмыла атсалысуымыз керек. Бұл идея – Қазақстан дамуының шамшырағы. Әскери қызметшілерге Елбасы Жолдауын нақты түсіндіріп, олардың өзіндік пікірлерін тыңдадым. Жолдаудан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді бірге жүзеге асыратын боламыз,  – деді.

Осы аттас сабақ «Қазақстан», «Өжет» кемелерінің жеке құрамымен де өткізілді. Жауынгерлік кемелердің жеке құрамымен кездескен Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары полковник Мұрат Әбіров Жоғарғы Бас қолбасшы Жолдауындағы негізгі басымдықтардың Қазақ елінің өсіп-өркендеуінде алатын маңызды рөліне тоқталды.

Жеке құрам Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, Мәңгілік ел идеясының шын мәніндегі тарихи құндылық болып табылатындығын ерекше атап өтті.

Қазақстандық әскери теңізшілер дамыған 30 елдің қатарына ең күшті әскерімен кіруді мақсат етіп отыр. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті жыл сайын артып, қызметшілердің баспана мәселесі шешімін тауып келеді. 2015 жылы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй мен 296 бөлмелік жатақхананы қолданысқа беру көзделіп отыр. 2017 жылға қарай Отан қорғаушылардың барлығы баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0