Yvision.kz
ru
  • 0
    11:51, 26 сәуір 2024

    Елде су тасқыны кезінде эвакуацияланған адамдардың 35 мыңнан астамы үйлеріне қайтты

    Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат (26.04.2024 ж.)


    Республика бойынша 35124 адам өз үйлеріне оралды. 7053 адам, оның ішінде 3105 бала эвакуациялау пункттерінде.


    6082 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.


    «Жедел желі» телефонындарына 2235 қоңырау түсті.


    https://t.me/qr_tjm

    0
  • 0
    12:28, 26 сәуір 2024

    Үш адамның өліміне себепкер болған автобус жолаушысына қатысты сот үкімі шықты

    Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы Дархан Ахметжановқа қатысты сот үкімі шықты.

    undefined

    Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 1-бөлігі бойынша Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    Сондай-ақ, Ахметжанов марқұм Айдос Құсайыновтың әйелі Айнұр Құсайыноваға 6 393 250 теңге материалдық өтемақы, 5 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 250 мың теңге, ал әке-шешесінен айырылған Ерасыл Байдуәлиевке 10 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.

    undefined

    Жантүршігерлік оқиға өткен жылы желтоқсан айында болған еді. Алматыдағы № 47 бағыттағы автобуста Дархан Ахметжанов жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Соның салдарынан әйел есінен танып, көлікті тізгіндей алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өтеді. Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті. Көз жұмғандардың екеуі ерлі-зайыпты мұғалімдер еді.

    0
  • 0
    12:42, 26 сәуір 2024

    Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі

    Қазақстан делегациясының Ауғанстанға ресми сапары барысында қазақстандық 35 компания Кабулда өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен көрмесінде өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

    undefinedҚазақстанның бизнес-делегациясының құрамында серіктестіктің жаңа бағыттарын құру үшін QarMet компанияларының, Doscar Group дилерлік орталығының (KIA, Chevrolet брендтері), Кентау трансформатор зауытының, Kaspy Group компаниялар тобының (металл конструкцияларын дайындау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру) өкілдері, зертханалық сынақтарды, медициналық дәрі-дәрмек, май өнімдері, кондитерлік өнімдер, тоқыма және басқа да тауар өндіруші кәсіпкерлер келді.

    Бизнес-форумның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары қорытындысына сәйкес екіжақты тауар айналымын $3 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылғанын еске салды.

    «Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, IТ-технологиялар саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі», — деді Серік Жұманғарин.

    Екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы аясында Серік Жұманғарин Ауғанстан азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы санын 30-дан 60-қа дейін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ вице-премьер Ауғанстаннан келген 30 баланы Қазақстанның жазғы лагерьлерінде 10 күн демалуға шақырды.

    Ауған кәсіпкерлерінің арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әлі де жоғары. Бизнес-форум қорытындысы бойынша $12 млн-нан астам сомаға күнбағыс майы, дәнді дақылдар мен ұн жіберу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Ауған компаниялары мотор майына үлкен қызығушылық танытып, отандық жеткізушілермен аталған тауарды жеткізуге алғашқы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

    Айта кету керек, Герат қаласында (Ауғанстан) Қазақстан сауда үйі ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады, сондай-ақ ол Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жандануына ықпал ететін болады.


    primeminister.kz

    0
  • 0
    12:53, 26 сәуір 2024

    Қазақстан ШЫҰ мемлекеттері үшін сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды

    Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалық етуі шеңберінде қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

    undefined

    Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, Бас хатшы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі қатысты.

    Дәстүрлі достық пен сындарлы үнқатысу түрінде өткен кеңесте халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланып, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қадамдары айқындалды.

    Кеңесте ШЫҰ-ның әскери-саяси блок еместігі, ал әскери саладағы өзара іс-қимыл басқа елдерге қарсы бағытталмағаны атап өтілді.

    Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. Осыған байланысты «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қызметін насихаттау мақсатында қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери-тарихи мұражайлар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға келісті.

    Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушылардың назарын Ұйымның тарихи аспектісіне аударды.

    – Егер ШЫҰ-ның бастауына қайта оралсақ, оның негізін 1996 жылғы

    26 сәуірдегі Шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім (Шанхай келісімі) мен 1997 жылғы 24 сәуірдегі Шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім (Мәскеу келісімі) қалағанын атап өткен жөн, – деді ол.

    Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі ұйым шеңберінде ШЫҰ-ның барлық мемлекеттері үшін әскери бөлімдерге ерікті негізде өзара сапар жасау, өткізіліп жатқан ірі әскери оқу-жаттығулар, қорғаныс ведомстволарының басшылығы мен құрылымы туралы ақпарат беруді көздей отырып, сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды.

    Кеңес қорытындысы бойынша хаттамаға, ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылып, бірлескен коммюнике қабылданды.

    Іс-шара соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы бірлескен мәлімдеме жасады.

    0
  • 0
    04:24, 27 сәуір 2024

    Алматыда футбол жанкүйерлері жазаланды

    Алматыда футбол жанкүйерлері балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

    undefined

    Фото: meta-ratings.kz

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша, құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қолданылған.
    "Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеуі керек.
    Құрметті азаматтар! ІІМ елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастырады. Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапкершілік көзделеді, - деді Шыңғыс Әлекешев.Blog post image

    0
  • 0
    03:24, 27 сәуір 2024

    Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

    Ақтаудың 17-ықшамауданында тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден төрт жасар бала құлап кетті.

    undefined

    Фото: 76.ru

    Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.

    Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама белгіленген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Ал Ақтаудың Полиция басқармасындағылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ата-аналарға талай мәрте ескертумен келеді.

    «Әдетте осындай оқиға боларда балалар өз бетінше түрлі жиһаздарды тірек ретінде пайдаланып, терезеге шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді. Сонымен қатар мұндай жағдайдың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде бұғаттағыштың жоқтығынан, жиһазды терезенің жанына қойғаннан болады», – ПБ өкілдері.

    inaktau.kz

    0
  • 0
    04:58, 27 сәуір 2024

    КСРО ыдырап жатқан жылы Қырғызстанда қылмыс жасаған адам Павлодарда енді ұсталды

    30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды.
    undefined
    Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың хабарлауынша, өңірдің жедел уәкілдері жалпы іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтаған.

    "1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды", – дейді Балғабай Қапаров.

    33 жыл бойы ұстатпай келген күдікті жасаған қылмыстың басқа мән-жайы айтылмай отыр.


    Polisia.kz

    0
Тамаша, сіз бәрін көрдіңіз!