Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасына фото шолу

Алия 2012 M10 31
14026
19
64
0

Жатақхананың бір кемшілігі самалдықтың (балкон) болмағандығында. Ал қалған жағынан өте жақсы. Әр қабатта тамақ пісіретін асханалар бар, бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін әрбір секция душпен қамтам

Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71
Жатақхана саны: 13
Жатақханада тұру ақысы: 23 000 теңге (бір жылға)

Жатақханаға кірген кезде: жатақхана тұрғындарының тыныштығын жиырма төрт сағат бойы қадағалап отыратын күзетші. Сонымен бірге, жайлы дивандар, теледидар, дәмхана бар.

Жатақхана ішінде:

  • Асхана: әр қабатта біреу
  • Душ: бар (үшінші қабатқа дейін әр секцияда).
  • Әжетхана: секцияда
  • Интернет: wi-fi (ақылы)
  • Кір жуатын орын: бар

Бір бөлмеде: 4 (2) студент тұрады.

Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, тумбочка және ортақ шкаф, 2 үстел, 2 кітап сөресі бар.

Мархабат, шығыстану факультеті, 2 курс:

Жатақхананың бір кемшілігі самалдықтың (балкон) болмағандығында. Ал қалған жағынан өте жақсы. Әр қабатта тамақ пісіретін асханалар бар, бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін әрбір секция душпен қамтамасыз етілген. Жатақханының ішінде әр түрлі мәзірдегі дәмхана орналасқан. Студенттің сабақ оқуына ыңғайлы оқу залдары мен интернет залдар бар.Сонымен қатар студенттер кеңесі мен ОПП-ның төрағалары отыратын арнайы бөлмелермен қамтамасыз етілген. Студенттердің тәртіптерін қадағалайтын ОПП және ҚазҰУ-дың өзі тағайындаған күзетшіміз бар.

Жатақхана маңында: азық-түлік дүкендері, дәмханалар, шаштараз, кинотеатр, интернет орталығы, тамақтану орталығы, спорт кешені, теннис залы, медициналық орталық, автотұрақ, саябақ бар.

_________________________________________________________________________

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу

Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханасына фото шолу

Қазақ-Британ техникалық университетінің жатақханасына фото шолу

Оцените пост

62

Комментарии

0
Хорошо живут ))
В наше время в 13 общаге кроватей не было, плюс окна разбитые. Душа вообще не было
1
Прям душа радуется. Жаль, что все хорошее появилось после того, как мы отучились
0
ҚазҰУ жатақханасы осындай жайлы деп ойламаппын)
2
Біз политехта оқып жүргенде Қаз ҰУ дың жатақханаларына қызығып жүретінбіз, секция, душ, ванна деген біздікіне қарағанда жақсы болатын
0
На фото №5 типичная (похоже что злая) вахтёрша )))
Показать комментарии