Перейти к содержимому
Обложка сообщества Екпiн

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Т.Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының жатақханасы


  • Жатақхана саны: 1
  • Жатақханада тұру ақысы: жылына 15 000 теңге
  • Бір бөлмеде: 4 (2) студент тұрады
  • Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, орындық және ортақ 2 үстел, шкаф, 1 кітап сөреcі, 2 тумбочка.

Жатақханаға кірген кезде: теледидар, кресло және студенттердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін үлкен ақпараттық тақта орналасқан.

Жатақхана ішінде:

  • Бір қабатта 1 асхана бар.
  • Душ: бар
  • Әжетхана: әр секцияда
  • Интернет: жоқ (компьютер кабинетінде ғана бар)
  • Кір жуатын орын: жоқ

Жатақханада: студенттер тамақтануына ыңғайлы дәмхана және интернет, спорт, жаттығу, теннис залдары бар.



Жатақхана маңында: азық-түлік дүкендері, шаштараз бар.

Ерекшелігі: ұлдар мен қыздардың бөлмелері екі қанатта бөлек орналасқан.


Анар, кескіндеме және мүсін факультеті, магистрант:

Жатақханада бірінші курстан бастап тұрып келемін. Біздің жатақхана нағыз шығармашылық адамдарының жиналған ортасы деп айтса болады. Өйткені көптеген жаңа идеялар, үлкен туындылар дәл осы жатақхана қабырғасында туып жатады. Жатақхананың кемшілігі деп, оқу орнынан өте алыс орналасқандығын айтар едім. Барып-келу қиынға соғады. Бірақ бір жағынан өте әдемі жерде орналасқан. Жанымызда Президент саябағы, одан әрі Алма арасан демалыс орны бар. Бұлар әсіресе суретшілерге ыңғайлы, кез келген уақытта тау жаққа шығып кете алады.

__________________________________________________________________________

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу

Еще по теме

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу - Yvision.kz