Перейти к содержимому
Обложка сообщества Екпiн

Қазақ-Британ техникалық университетінің жатақханасына фото шолу

ҚБТУ жатақханасы

Мекен-жайы: Тургут Озал көшесі, 70.
Жатақхана саны: 4
Жатақханада тұру ақысы: айына 1500 - 15 000 теңгеге дейін (GPA-ге байланысты).
Бір бөлмеде: 4 (1,2,3) студент тұрады.
Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, тумбочка және ортақ  2 шкаф, 1 кітап сөресі, 1 үстел, киім ілгіш, аяқ киім салуға арналған шкаф, перде, кілем бар.
Жатақхананың тыныштығын 24 сағат бойы қадағалап отыратын күзетшілер бар.

Жатақхана ішінде:

  • Асхана: секцияда
  • Душ: секцияда
  • Әжетхана: секцияда
  • Интернет: wi-fi бар және әр бөлмеде сымды интернет бар.
  • Кіржуатын орын: бар (тегін).

Жатақханада: оқу бөлмелері, жаттығу залы, демалыс бөлмесі, төлемдерді қабылдайтын терминал, дәмхана бар. Жатақхана маңында: автотұрақ бар.

Сонымен қатар, жатақхана ішінде 4 000 кітап қоры бар кітапхана орналасқан.

Ерекшелігі: Бір секцияда 4 бөлмеден. Секциядағы бөлмеге ортақ 2 жуынатын орын, душ, әжетхана, асхана бар. Асхана тамақ пісіруге, тамақтануға арнайы жабдықталған, әрі тоңазытқыш, плитамен қамтамасыз етілген.

Жатақхана таңғы сағат 6.00-де ашылып, түңгі 00.00-де жабылады. Қонақтар кез келген уақытта бір сағатқа кіріп шыға алады. Жатақханада тұратын студенттердің өзге жатақханаларға еркін кіріп-шығып жүреуге мүмкіндігі бар.

Әлішер, мұнай-газ ісі, 4 курс:

Мұнда төртінші жыл тұрып жатырмын. Жатақхана өте ұнайды. Себебі студентке сабақ оқуға барлық жағдай жасалған. Университеттен де аса алыс емес. Барып-келу жағы да ешқандай қиындықтар туғызбайды. Студенттердің дұрыс тамақтануына жақсы жағдай жасалған. Жатақханамызда екі бірдей түрлі мәзірдегі дәмхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, студентердің бос уақытын да тиімді пайдалануларына жақсы жағдайлар жасалған. Жаттықтығу залымыз, футбол алаңымыз бар.

Өзге жатақханаларда тұрып көрмегендіктен, басқаларымен салыстырып, кемшіліктерін айта алмаймын. Бірақ менің жатақханадағы жағдайым маған өте ұнайды.

Ақылбек, ақпараттық жүйелер, 3 курс:

Мен Қазақ-Британ университетінің студенттер және магистранттар үйінде үшінші жыл тұрып жатырмын. Бұл жатақхананың бір ерекшелігі - тәртіп деп айтар едім. Жатақханамызда тәртіпке өте қатты мән беріледі. Жатақханаға да тек тәртіпті студенттерді алады. Егер де 3 рет тәртіп бұзылатын болса, ол студент жатақханадан шығарылады. Мұндағы барлығымыздың басты мақсатымыз оқу оқып, болашақта білікті маман болып шығу болғандықтан, тыныштықта сабақ оқуға барлық жағдай жасалған. Біздің жатақхана әлемдік деңгейде стандартталған деп ойлаймын.

_________________________________________________________________________

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу

Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханасына фото шолу

Еще по теме

Қазақ-Британ техникалық университетінің жатақханасына фото шолу - Yvision.kz