Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу

Алия 2012 M10 31
9102
24
19
0

Құрметті оқырман, естеріңізде болса, бірнеше ай бойы біз қалалық кітапханаларға фото шолу жасаған болатынбыз. Ал осы аптадан бастап алматылық ЖОО жатақханаларына жасалған фото шолуымызды жариялай мыз.

Құрметті оқырман, естеріңізде болса, бірнеше ай бойы біз қалалық кітапханаларға фото шолу жасаған болатынбыз. Ал осы аптадан бастап алматылық ЖОО жатақханаларына жасалған фото шолуымызды жариялай бастаймыз. Осы фото материалдар арқылы студенттердің тұрмыстық жағдайын көрсетіп, студенттік өмірімен таныс боламыз. Алғашқы жатақханамыз:


Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің жатақханасы

Жатақхана саны: 5
Жатақханада тұру ақысы: 18 000 теңге (1 жылға)
Бір бөлмеде: 5 студент тұрады.

Жатақхана ішінде:

  • Бір қабатта 2 асхана
  • Душ
  • Бір қабатта 2 әжетхана
  • Интернет – ақысыз, сымды (әр бөлмеде)
  • Кір жуатын орын автоматтандырылған машиналармен жабдықталған (тегін).

Жатақханада: оқу залы, дискозал, интернет зал,  сонымен бірге спортзал бар. Жатақхана тұрмысқа қажетті түрлі-түсті телевизор, кір жуатын машина, музыкалық аппаратура, спорттық кұралдар, тоңазытқыштармен жабдықталған.

Жатақхана маңында: дүкендер, дәмхана, дәріхана, медициналық орталық бар.

Бөлме ішінде: әр студентке жеке төсек, орындық бар. Ортақ киім салатын шкаф, тамақ ішетін және сабақ оқитын үстел орналасқан.

Кемшілігі: бөлмелерде балкон жоқ, жуынатын орын әр қабатта екеуден ғана.

Ақмарал, құрылыс факультеті, 4 курс студенті:

Жатақханада  төртінші жыл тұрып жатырмын. Мектепті бітіре салып оқуға түскен студенттер қалаға келгенде тұратын жерлері болмаса, жатақханаға келеді. Мен де сол себептен жатақханадан орын алдым. Жатақхана студенттер кеңесінің төрайымы болғаныма 3 жыл болды. Жатақхана өте жайлы, жылы, әрі оқу орнына жақын орналасқан. Барлық жағдай жасалынған. Әр бөлме интернетпен қамтамасыз етілген. Жатақханамызда оқу залдары, дене шынықтыратын бөлме, мерекелік кештерді өткізуге арналған арнайы акт залы бар. Акт залында күзгі бал, жаңа жылдық кеш сынды көптеген мерекелік іс-шараларды, түрлі олимпиадаларды өткізіп тұрамыз. Жатақхананың бір кемшілігі - жатақхана саны аз.

________________________________________________________________________

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Оцените пост

19

Комментарии

1
Хе хе, біз оқыған кезден біраз өзгеріпті жатақханалар. Кішкене алға даму бар сияқты. Студент кезім есіме түсіп кетті ғой, бірақ мен жатақханада тұрған емеспін
0
интернетін айтып тұрсың ба))?
0
Жалпы сервис жақсарып қалған сияқты.
1
Жақсы бастама екен.
1
Даа,золотые времена,,там еще наш корпус на 4 фото,,а общаги как и были таки остались такими
Показать комментарии
Дальше