Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханасына фото шолу

8101
24
0
21

Жатақханада тұрған маған ұнайды. Өйткені мұнда барлық жағдай жасалған. Жуынатын орын, душ, әжетхана барлығы секцияның ішінде. Әр қабатта тұрмыстық бөлмеміз бар, сонда тамақ жасаймыз.

Мекен-жайы: Шашкин көшесі, 14.

Жатақхана саны: 3
Жатақханада тұру ақысы: жылына 28 000 теңге.
Бір бөлмеде: 5 (2, 3) студент тұрады.

Жатақхана ішінде:

  • Бір қабатта 2 асханадан
  • Душ: әр секцияда
  • Әжетхана: әр секцияда
  • Интернет: wi-fi (ақылы)
  • Кір жуатын орын: бар

Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, тумбочка, орындық және барлығына ортақ 2 үстел, 1 тоңазытқыш, 2 кітап салатын сөре, шкаф бар.

Айман, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету факультеті, 2 курс:

- Жатақханада тұрған маған ұнайды. Өйткені мұнда барлық жағдай жасалған. Жуынатын орын, душ, әжетхана барлығы секцияның ішінде. Әр қабатта тұрмыстық бөлмеміз бар, сонда тамақ жасаймыз. Кір киімдерімізді қайда апарып жуамыз деп те қиналмаймыз, жатақхана ішінде кір жуатын арнайы машиналар да бар.

Жатақханада: емхана бөлімшесі, процедуралық кабинет, интернет залы, теннис залы, демалыс орны, жаттығу залы бар.

Жатақхана маңында: асхана, дүкендер, шаштараз, автотұрақ бар.

Ерекшелігі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кітап қоры 5 мыңнан асатын кітапхана, ксерокопия, төлемдерді қабылдайтын терминал және магистранттар мен университет қонақтары тұратын қонақ үйі бар.

Сонымен қатар, жатақханада шығармашыл, өнерлі студенттерге арналған билеуге арналған зал (арнайы жабдықтармен, айналармен қамтамасыз етілген), өлең жазатын студия және түрлі кештер өткізетін үлкен дискозал бар.

_________________________________________________________________________

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу

Оцените пост

21

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему