МАРАПАТТАУ
Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қылмыспен күресіп, қоғамдық, жол қауіпсіздігінің сақталуын қадағалауда. Полицейлер жұмысының басым бөлігі қала тұрғындарына байқалмағанымен, қаладағы қауіпсіздік және жайлылық тікелей офицерлер мен сержанттардың кәсібилігіне байланысты. Мереке күндері қарсаңында қызметіне адал қарағандары және тәртіптері үшін 6 полицей Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің алғыс хаттарымен марапатталды. 8 қызметкер кезекті арнаулы атаққа ие болды. II дәрежелі "Ішкі icтep органдарының үздігі" медалімен қалалық Полиция басқармасының Тылдық қамтамасыз ету бөлімі бастығы полиция майоры Қалабай Базарбаев марапатталды. «Мен ішкі істер органдарында 1999 жылдан қызмет атқарып келемін. Жеңіс күні қарсаңында осындай марапат алып жатқ…