ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Кездесу жұмыста құқық қолдану практикасын зерделеу мақсатымен өткізілді. Кездесуге СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысты.
Сұхбат әсерлі өтті. Полицейлер мен Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің ұсыныстары арасында металл қабылдау пункттерінің, тәулікке жалға беретін пәтер иелерінің жұмысына бақылауды арттыру, салынған айыппұлдардан нәтиже болмаған кезде, мәселен, заңсыз сауда сияқты жағдайларда әкімшілік ықпал ету шараларын кеңейту болды. Депутаттар барлық ұсыныстарды назарға алды.
«Заңнаманы ізгілендіру бағытына қарамастан, жауапкершілікті күшейту бойынша жасалған бірқатар ұсыныстар жөнді, - деп атап өтті Магеррам Магеррамов. – Полиция мен соттың жұмыс тиімділігі – қазақстандық қоғамды дамыту басымдықтарының бірі». Кездесу аяқталғаннан кейін Полиция департаментінің қонақтары ведомстволық музейге, Жедел жоспарлау орталығына, Петропавл қ. ПБ фронт-офисіне, Көші-қон қызметі орталығына барды.
«Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметі жаңғыру үстінде, бұған халық қалаулылары да көз жеткізді, - деді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев. – Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде мемлекеттік қызметті барынша тез әрі сапалы көрсетуге бағдарланған сервистік қызмет көрсету жүзеге асырылды. Бейнебақылау жүйелері жедел бөліністердің жұмысына септігін тигізуде –облыс орталығында орналасқан 410 камераның көмегімен жыл басынан 4899 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 47 қылмыс ашылды».
Іссапар соңында депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің жұмысына оң бағасын берді және кездесу нәтижелері заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдіретініне сенім артты.










СҚО ПД баспасөз қызметі
