Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президент Әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына бұрын Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаев тағайындалды. СҚО Полиция департаментінің жаңа бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Алексей Калайчиди мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1992 жылы ҚСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебін тәмамдаған. МТКБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілінен бастап, Қостанай облысының Ішкі істер басқармасы Наурызым ауданының ІІБ бастығының орынбасарына дейін жеткен. ҚР ІІМ Академиясының ІІО басшы құрамды даярлау факультетін аяқтаған соң, 2004 жылы Астана қаласының ІІД Криминалдық полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалған. Әр жылдары Астана қ. ІІД Криминалдық полиция басқармасының, Астана қ. ІІД екі аудандық бөлінісінің басшысы лауазымдары сеніммен тапсырылған.

Жоғары кәсіби шеберлігі үшін 2016 жылы Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Министрдің орынбасары құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту қажеттілігі туралы назарларын аудара отыра, Солтүстік Қазақстан полицейлерінің алдына бірқатар міндеттер қойды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
1316

Еще по теме

СҚО-ДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - Yvision.kz