СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҮШІН КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (БЕЙНЕ)
Жеңіс күні қарсаңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қаладағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары үшін ерекше сый жасады. Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 209 үйдің ауласында олар ашық аспан астында концерт ұйымдастырды.
Полицейлер Қазақстанның заманауи эстрадасының ғана емес, бала кезден таныс әндерді де шырқады. Погондағы әртістердің «Батырлар ұраны», «Смуглянка» әндерін, әсіресе, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-ші батальоны қызметкерлері орындаған «Жеңіс күні» әнін тұрғындар орындарынан тұрып, ерекше көңілмен тыңдады.
«Концерт өткізетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл жақта қарттар, кішкентай балалары бар жұптар көп тұрады», - дейді СҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Таңатқанов. – Мерекелік концерттердің көпшілігі орталық алаңдарда өтетіндіктен, жақын жерде тұратын тұрғындар қалаған уақыттарында бара алады. Сондықтан біздің бүгінгі мәдени іс-шарамыз осы маңдағы тұрғындар үшін жақсы мүмкіндік. Олар үшін дала асханасын ұйымдастыруды шештік».
Концерт өз мәресіне жеткен соң, тұрғындарға дала асханасында әзірленген дәмді сарбаздар ботқасы мен ыстық шай ұсынылды.
Аула тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып жатты. «Осындай іс-шара біздің жақта алғаш өтуде. Асхана ұйымдастырып, концерт өткізгендері үшін шексіз ризамыз», - дейді аулаға серуендеуге шыққан Валентина Филипповна. Осы ауланың тағы бір тұрғыны, қалалық мәдениет үйінде зейнеткерлерден құралған би ұжымына жетекшілік ететін Елена Корнилова: «Мұндай іс-шараларға жақсы дайындық керек. Олар әртістер, кәсіби әншілер болмаса да жанымызды тебірентерлік өнер көрсете білді», - дейді.
Тәртіп сақшыларының тұрғындар үшін осындай мерекелік іс-шаралар өткізуі алғаш рет емес. Былғары зауытының тұрғындары өткен жылы полицейлер Наурыз мейрамына ұйымдастырған концерттік бағдарламаны қуанышпен еске алуда. Биыл тәртіп сақшылары Жұмысшы кентінің тұрғындары үшін Наурыз мерекесін өткізді. Ал Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған концерт игі дәстүрдің жалғасы болды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
