БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰБТ БІРІНШІ КҮНІ АЛТЫ АБИТУРИЕНТ ТЕСТІЛЕУДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
2020 жылдың 16 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) бірінші күні басталды.Тестілеу ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, облыстың Қаратөбе, Сырым, Жаңақала, Жәнібек және Казталов аудандарында өткізіледі.Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының (АМТ) өкілдері жұмылдырылуда.Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қа…