БҰЛ - ЫСТЫҚ ЫСТАНБҰЛ
2018 жылдың шіліңгір шілдесі. Тамыздағы еңбек демалысы амалын алдын ала жоспарлап отқан кез. "Қай қалаға барсам екен?" деп отқан сәт болатын. Тізімде Мәскеу, Баку, Тбилиси, Ереван, Бухарест, Будапешт пен Ыстанбұл. Соңғысына бармаған адам кемде-кем екені белгілі. Өзгелердің фотолары мен твдағы сериалдарынан көріп тастағанбыз. Банально, бірақ қолжетімді. Кісі басына барып келу небәрі 50 мың теңге. Өзге қалалармен салыстырғанда 2-3 есе арзан. Олай болса, бұрынғы әдетіме салып бір өзім барғанша, қолжетімділікті пайдаланып отбасымен барған жөн деп шештім. Өкінбедім. Тоқтайтын қонақүйді алдын ала броньдап, гугл мәп арқылы қаланың картасымен азды-кем танысып алдым. Сонымен кеттік, алдарыңызда Шығыс пен Батыс тоғысқан қала - Istanbul.Me(n)Еліміздің егемендігін алғашқы болып мойындаған елдің туы.…




