СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаштың ардақты ұлы, ақын, ұстаз, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы тілдері мерекесі жыл сайын тойлануда. Бүгінгі мереке елімізде тұратын барша ұлт өкілдерінің мерекесі. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде айтулы мерекеге орай іс-шара ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, ішкі істер органдарының имиджін көтеру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев мемлекеттік тілдің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Оның сөзінше, полиция халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын мекеме болғандықтан қызметкерлердің халықпен мемлекеттік тілде тілдесуі шарт. Департамент қабырғас…