ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. 1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. ⠀ Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. ⠀ «Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу жөніндегі мәселелерді түпкілікті шешті, кең байтақ жерінің шекаралық шеңбері бойында тату көршілік белдеуін қалыптастырды. Шекарамыздың шегенделуі мемлекетіміздің дұрыс бағыттағы халықаралық саясат…