Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СƏН - ҚҰРАҚ FEST 2020

СƏН - ҚҰРАҚ FEST 2020

Жаңаөзен политехникалық колледжі, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі мен Жаңаөзен қалалық аналар кеңесі жəне Жаңаөзен қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі қыз-келіншектер арасында құрақ құрау қолөнерінен онлайн байқау жариялайды.

Байқауға Қазақстанның Батыс өңірлерінің барлық қолөнер шеберлері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - ұлттық қолөнерімізді жаңғыртып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра ету. Үйде отырып іс тігіп, оны онлайн түрде саудаға шығарып отырған Қазақстанның Батыс өңірінің әр түпкіріндегі нәзік жандыларға қолдау көрсету, бір-бірінен тәжірибе алмастыру. Жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді кәсіпке баулып, ынталандыру.

Толығырақ ақпаратты: +7778 8746291 байланыс нөмірінен біле аласыздар.

Еще по теме

СƏН - ҚҰРАҚ FEST 2020 - Yvision.kz