БІЗ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!
БІЗ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Халықаралық акциясы 1991 жылдан бастап, 25 қараша – Халықаралық әйелдер зорлық-зомбылығына қарсы күрес күні мен 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күні аралығындағы жыл сайын бүкіл әлем бойынша атап өтіледі.
Халықаралық дәрежеде өткізілетін бұл акция қазіргі өмір сүріп жатқан қоғам үшін аса маңызды. Себебі, отбасы институтын, әсіресе толыққанды жанұя татулығын сақтау мақсатында – шынайы қарым-қатынастар жойылып бара жатыр. Мұның басты себебі – отбасындағы рөлдердің толыққанды көріне алмауы және түрлі қатігездіктердің орын алуы.
Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, рухани тәлім-тәрбие беру, мәдениетті қалыптастырумен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қашанда күн тәртібінен түспеу керек. Барша жұртшылықты отбасының береке-бірлігін сақтауға, ата-ана мәртебесін түсірмеуге, бала құқығын шектемеуге, ел татулығын сақтауға шақырамыз.
Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанованың бастамасын қолдай отырып, ЭСТАФЕТАНЫ адами жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік танытып, зорлық-зомбылық профилактикасына үлкен үлес қосып жүрген барша азамат(ша)тарға жолдаймыз!
