Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАТУЛЫҚПЕН КЕЛІСІМ - БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

ТАТУЛЫҚПЕН КЕЛІСІМ - БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Ынтымағы мен бірлігі, татулығы мен достығы жоқ елде қарыштап даму да, жаңғырып гүлдену де болмайтыны белгілі. Тәубе, Қазақстан деп аталатын қарашаңырағымыз ондай алауыздықтан ада. Сондай-ақ әлем картасында қарқынды нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғамдық құрылымы қалыптасқан және халықаралық зор беделге ие егемен мемлекет ретінде орнықты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған бейбітшілік пен келісімнің және бірлік саясатының жемісті жетістіктері мен толайым табыстарының жарқын көрінісі деп білемін. Бүгінгі таңда қазақ халқы өзінің байырғы жерінің шынайы иесі ретінде айналасына 100-ден астам этносты шоғырландырып, азаматтық татулық пен этносаралық келісімнің тірегіне, дінаралық диалогтың халықаралық мінберіне айналды.

Ендігі жерде Елбасымыз айтқандай «Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс»!

Еще по теме

ТАТУЛЫҚПЕН КЕЛІСІМ - БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН - Yvision.kz