"30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС" АКЦИЯСЫ"
"30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС" АКЦИЯСЫ
Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу - әрбір адамның парызы.
Мойнындағы осынау парызды орындау мақсатында сондай-ақ баршаңызға белгілі 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жаңаөзен қалалық Аналар кабинетi "30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС" акциясын бастағалы отыр.
Акцияның мақсаты: Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік немесе қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Құрметті жүректері мейірімге толы жандар Сіздерді, аталған игі іске қолдау көрсетуге шақырамыз.
