Новое
КАНДИДАТТАР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткерлер Досым Асабаев пен Жомарт Датқаев Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» аудандық мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кент тұрғындары мен партия мүшелері қатысқан басқосуда қос кандидат тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, партия тарапынан атқарылған және атқарылар жұмыстардың барысымен таныстырды.
Кандидаттарға қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлердің басым бөлігі негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аудандағы субсидия, ауыспалы егіс, тамшылатып суғарумен қатар өнім сапасын арттыру, шикізатты қайта өңдеу ісін қолға алу мәселелері төңірегінде болды. Ал, мектеп ұстаздары мен ата-аналар тарапынан бүгінгі карантиндік жағдайда онлайн дәрістер өтуде қиындықтар туғызып отырған интернет желісін күшейту керектігі айтылды.
Айтылған әрбір ұсыныс-пікір мен қойылған сұрақтар хаттамаға енгізіліп, тиісті жауаптар берілді.
ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев үгіт-насихат жұмыстарына атсалысатын ауданның белсенді жастарымен жүздесті. Негізінен ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени шараларында еріктілер сапында үлес қосып, еңбек етіп жүрген жастар «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері. Штаб төрағасымен кездесу барысында еңбек ететін еріктілерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында сапаға назар аударып, карантиндік режим мен санитарлық талаптардың сақталуын, үміткерлермен өткізілетін кездесулер барысында ҚР-ның Заңнамалық нормаларының бұзылмауын тапсырды.
«Бүгінде елімізде жастардың кең көлемде әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алулары үшін толығымен жағдай жасалған. Жылдан-жылға оқу базалары жаңартылып, шәкіртақылары көтеріліп келеді. Білімді жастардың еңбек етулеріне де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осындай қамқорлықтардың қайтымы – сіз бен біздің елге адал еңбек етуімізбен өтеледі» деді Досым Тұрғанбайұлы.
Айта кетейік, 10 қаңтарда өтетін сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарына ауданнан 59 «Jas Otan»-дық атсалысатын болады.
Рейд Комиссии партийного контроля в аптеках города
"Nur Otan" партиясы Қаражал қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қажетті дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне және қала дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағасының тұрақтылығына мониторинг жүргізді. Рейд барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Члены комиссии партийного контроля Каражалского городского филиала партии «Nur Otan» проследили за наличием необходимых лекарств и стабильностью цен на лекарства в аптеках города. Нарушений в ходе рейда не выявлено.

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАЧАЛ РАБОТУ РЕГИОНАЛЬНЫЙ ПРЕДВЫБОРНЫЙ ШТАБ
Сегодня в Туркестанской области начал работу региональный предвыборный штаб. В связи с этим первый заместитель председателя Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan», руководитель регионального предвыборного штаба Бейсен Тажибаев провел пресс-конференцию для представителей СМИ.
Выступая на брифинге, Бейсен Даулетулы сообщил, что 10 декабря в 18:10 начался этап агитации. Он также сообщил, что областной филиал на 100 процентов готов к политической кампании. По его словам, в нашем регионе решены организационные и материально-технические вопросы, подготовлены группы активистов и доверенных лиц.
«В областной территориальной избирательной комиссии зарегистрирован партийный список из 632 кандидатов. 536 из них – победители праймериз, 96 - обладатели партийной квоты. По поручению руководства партии создан наш региональный предвыборный штаб. В состав штаба вошли 118 человек. Это жители области, пользующиеся авторитетом и уважением в нашем регионе. Среди них есть представители сфер культуры, образования, науки, гражданского сектора, бизнеса. 35 членов штаба имеют опыт участия в политической кампании», - сказал Бейсен Даулетулы.
Помимо этого при штабе для проведения агитационной работы создано Молодежное крыло. В него вошли более 1000 активистов молодежного крыла «Jas Otan» и сторонников партии.
В информационном плане также в штаб привлечены профессиональные специалисты. Они будут всесторонне разъяснять общественности предвыборную программу партии, оперативно распространять информацию.
В преддверии выборов прошли конференции территориального и региональных филиалов, все предвыборные программы утверждены. На 320 депутатских мандатов сформирован партийный список из 632 кандидатов. 31% из них – женщины, 21% - молодежь до 5 лет. 83 гражданина – кандидаты в депутаты областного маслихата. Партийный список обновлен на 74%, средний возраст кандидатов составил 40 лет. 7 кандидатов предложены в Мажилис.
Всего в Туркестанской области есть 1 миллион 163 тысячи избирателей, которые будут голосовать на 911 избирательных участках, за которыми закреплены 2700 граждан, которым оказано доверие партии. Разработан сетевой график, включающий около 4400 мероприятий, которыми будет охвачено около полмиллиона избирателей. 40 процентов мероприятий пройдет в онлайн формате.
Таким образом, туркестанские «нуротановцы» будут работать над разъяснением и пропагандой среди населения региональной предвыборной программы, состоящей из 7 направлений. Главный слоган избирательной кампании партии – «Преодолев испытания, победим вместе!»
Пресс-служба Туркестанского областного филиала партии «Nur Otan»
БАЗАР БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА.
"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау тобы базар бағасын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.
Партиялық бақылау тобының мүшелері Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы мен Сарабеков Әділбек Сербайұлы орталық базарлармен сауда орындарында болып, ондағы әлеуметтік тауарлардың бағаларын бақылады.
Осы күнге дейін де базар бағалары партияның қатаң бақылауында болып келеді. Бүгінгі бақылауда бағаның тұрақты екені анықталды. Бұл жұмыстар жалғаса беретін болады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін Түркістан облысында аймақтық сайлауалды штабының жұмысы басталды. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Бейсен Тәжібаев БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.
Брифингте сөз алған Бейсен Дәулетұлы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын хабарлады. Ол сондай-ақ облыстық филалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.
«Облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында біздің 632 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 118 адам кірді. Бұл біздің өңір, қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар. Яғни, олардың арасында мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері бар. Штабтың 35 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Сондай-ақ штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 1000-нан астам белсенділері мен партияның жас жақтастары кірген. Ақпараттық бағытта да кәсіби мамандар штаб құрамына алынған. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратпақ.
Сайлау қарсаңында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, барлық сайлауалды бағдарламалар бекітілді. 320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды. Оның ішінде 31% әйелдер болса 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40 жасты құрады. 7 үміткер Мәжіліске ұсынылды.
Жалпы Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген. Оған партия атынан сенім білдірілген 2700-ге жуық азамат бекітіліп отыр. Сондай-ақ,жарты миллионға жуық сайлаушыны қамтитын 4400-ге жуық іс-шаралардың желілік кестесі жасақталған. Оның 40 пайызы онлайн форматта өткізілмек.
Осылайша, түркістандық «нұротандықтар» партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – дейді партия белсенділері.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.
Кандидаттың Қазалы жеріндегі кездесуі 90 жылдық тарихы бар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жалғасты.
Кездесу барысында "Nur Otan" партиясынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткер Геннадий Геннадиевич партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы көрсетілген атқарылар істердің жәй-жапсарын айтып өтті.
11 мамандық бойынша 530 студент жастарды мамандандырып отырған колледж ұжымы партияның жаңа бағдарламасын қолдайтындарын және ондағы көрсетілген істерді бірлесіп жүзеге асыратындықтарын айтып, кандидатқа сәттілік тіледі.
Кездесу барысында кандидат, партияның «Jastar Otanga!» жобасының жүзеге асырылуына жас студенттерді көптеп араластыру қажеттігін айтты.
ШТАБ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабы алғашқы отырысын өткізді. Штаб мүшелері қатысқан басқосуда “Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Досым Асабаев пен партия ардагері Әбдіманап Байдуллаев үгіт-насихат жұмыстарын сапалы жүргізу, карантиндік режим кезінде санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін толықтай сақтай отырып кездесулер ұйымдастыру, ҚР бекітілген Заңнамалық нормаларды қатаң сақтау секілді мәселелерді пысықтады. Кездесулер кезінде тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жауапсыз қалдырмау, әрбір сайлаушының саналы түрде дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік беру керек екендігі де назардан тыс қалмады.
Үгіт-насихат жұмыстары кезінде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда дер кезінде құзырлы органдар мен “Nur Otan” партиясының сайлауалды штабына хабарласу керек екендігін тапсырды.
ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫН КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРДІ.
Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Шиповских Геннадий Геннадиевич Қазалы ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастады.
Кандидат алдымен Қазалы аудандық орталық арруханада болып, медицина саласының өкілдерімен кездесті.
Барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілген кездесуге сала мамандары мен ерікті жастар қатысты.
Кездесудегі басты мақсат – көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіру, ақ халаттыларды толғандырып жүрген мәселелердің шешімін бірге қарастыру.
Ақ халаттылармен кездесу барысында Геннадий Геннадиевич партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасына кеңінен тоқталып, көшбасшы партияның соңғы 5 жылдағы жетістіктері жайында да айтып өтті.
Аудандық орталық ауруханада өткен кездесуде маңызды мәселелер айтылып, көптеген ұсыныстар талқыланды.