Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткерлер Досым Асабаев пен Жомарт Датқаев Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» аудандық мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кент тұрғындары мен партия мүшелері қатысқан басқосуда қос кандидат тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, партия тарапынан атқарылған және атқарылар жұмыстардың барысымен таныстырды.

Кандидаттарға қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлердің басым бөлігі негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аудандағы субсидия, ауыспалы егіс, тамшылатып суғарумен қатар өнім сапасын арттыру, шикізатты қайта өңдеу ісін қолға алу мәселелері төңірегінде болды. Ал, мектеп ұстаздары мен ата-аналар тарапынан бүгінгі карантиндік жағдайда онлайн дәрістер өтуде қиындықтар туғызып отырған интернет желісін күшейту керектігі айтылды.

Айтылған әрбір ұсыныс-пікір мен қойылған сұрақтар хаттамаға енгізіліп, тиісті жауаптар берілді.

0
0
100

Еще по теме

КАНДИДАТТАР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz