Перейти к содержимому
usergoogle100231413088191084666

Qazaly NurOtan

@usergoogle100231413088191084666

На сайте с 19 ноября 2020 г.Казахстан, Кызылорда

"Біздің партия - халықтық партия, сондықтан ол барлық қазақстандықтардың мүддесін бейнелейді."

рейтинг

250

постов

18

комменты

0

подписчика

4

подписок

6

ҮМІТКЕРЛЕР ҮЙ АРАЛАП, ҮГІТ ЖҮРГІЗУДЕ.

"Nur Otan" партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских пен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Гүлдәрі Иманалиева үй аралап үгіт жүргізді.Кандидаттар Қазалы ауданындағы 300 тұрғыны бар Қ.Пірімов ауылында болып, сайлаушыларға партия жұмыстарын насихаттады.Насихат барысында кандидаттар ардагерлердің үйінде және көп балалы отбасыларда болды."Партия-халықтың партиясы. Сондықтан әрбір тұрғынның ұсыныс-тілегі мен талабы біз үшін маңызды. Партия өзінің алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлық саланы толық қамтып отыр. Оның ішінде ауылды дамытуға арналған тың жоспарлар да бар. Сіздердің сенімдеріңіз бізге серпін беріп, жоспарлардың жүйелі орындалуына негіз болары сөзсіз"-деді үміткер Геннадий Геннадиевич.Кездесу барысында 84 жасқа келіп отырған ауылшаруашылық…

0
0
113

КАНДИДАТТАР КҮРІШ АҚТАУ ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ.

"Nur Otan" партиясы атынан мәжіліс депутаттығына кандидат Шиповских Геннадий Геннадиевич, аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Игіліков Төребек пен Еңсепов Кәдірхан ЖК "Есхожаев Мерей" күріш ақтау зауытында болып, ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.

Кандидаттар кездесу барысында зауытта өндірілетін өнім түрлерімен танысты.

Сала өкілдерімен кездескен үміткерлер парияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты бағдарламасын таныстырып, даму жолына бағытталған ең басты бағыттарды атап айтты.

Ауылшаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып жүрген сала мамандары партияның жаңа жоспарларынан тек жақсылықтар күтетіндерін айтты.

#NurOtan

#NurOtanQazaly

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

0
0
133

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Аудандық орталық кітапхананың "Coworking" орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Шиповских Геннадий Геннадиевич пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Тілеп Ибайдулла Тілепұлы және Сарабеков Әділбек Сербайұлы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті.

Кездесудегі мақсат- "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын ерекше жандарға түсіндіру және ол азаматтардың талап-тілегін ескеру.

Кездесу барысында Геннадий Геннадиевич алдағы 5 жылда партия тарапынан жүзеге асырылатын жүйелі жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.

Ерекше жандар өздерінің өздерінің өзекті мәселелерін айтып, көтерілген проблемалардың оңтайлы шешілуіне ықпал жасалса деген тілектерін жеткізді.

#NurOtan

#NurOtanQazaly

#NurOtanДауысБер

БАЗАР БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА.

"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау тобы базар бағасын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

Партиялық бақылау тобының мүшелері Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы мен Сарабеков Әділбек Сербайұлы орталық базарлармен сауда орындарында болып, ондағы әлеуметтік тауарлардың бағаларын бақылады.

Осы күнге дейін де базар бағалары партияның қатаң бақылауында болып келеді. Бүгінгі бақылауда бағаның тұрақты екені анықталды. Бұл жұмыстар жалғаса беретін болады.

0
0
118

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.

Кандидаттың Қазалы жеріндегі кездесуі 90 жылдық тарихы бар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жалғасты.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясынан ҚР Мәжілісінің депутаттығына үміткер Геннадий Геннадиевич партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы көрсетілген атқарылар істердің жәй-жапсарын айтып өтті.

11 мамандық бойынша 530 студент жастарды мамандандырып отырған колледж ұжымы партияның жаңа бағдарламасын қолдайтындарын және ондағы көрсетілген істерді бірлесіп жүзеге асыратындықтарын айтып, кандидатқа сәттілік тіледі.

Кездесу барысында кандидат, партияның «Jastar Otanga!» жобасының жүзеге асырылуына жас студенттерді көптеп араластыру қажеттігін айтты.

0
0
103

ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫН КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРДІ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Шиповских Геннадий Геннадиевич Қазалы ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастады.Кандидат алдымен Қазалы аудандық орталық арруханада болып, медицина саласының өкілдерімен кездесті.Барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілген кездесуге сала мамандары мен ерікті жастар қатысты.Кездесудегі басты мақсат – көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіру, ақ халаттыларды толғандырып жүрген мәселелердің шешімін бірге қарастыру.Ақ халаттылармен кездесу барысында Геннадий Геннадиевич партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасына кеңінен тоқталып, көшбасшы партияның соңғы 5 жылдағы жетістіктері жайында да айтып өтті.Аудандық орталық ауруханада өткен кез…

0
0
106

САЙЛАУАЛДЫ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ АШЫЛДЫ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалында аудандық сайлауалды штабтың ресми түрде ашылу салтанаты болып өтті.Салтанатты шараны "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.Штабтың ресми ашылу салтанатына штаб мүшелері, партиялық тізімдегі үміткерлер мен "Jas Otan" Жастар қанатының ерікті жастары қатысты.Штабтың ашылу шарасында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихатқа үміткер Асанова Роза, Кәсіпкерлік палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Еңсепов Кәдірхан сөз сөйлеп, барша жақтастарға жеңіс тіледі.Сондай-ақ шара барысында "Қ.Сәтбаев"бастауы…

0
0
119

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ.

Бүгін, "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы бастауыш партия ұйымдарында өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және партия мүшелерінің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытталған жиналыс болып өтті.

Әдеп кодексін сақтау жөнінде өткен жиналыста "Абай ауылы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Ділдәбек Айтмамбет партия қабырғасында жүріп үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір партия мүшесінің Әдеп кодексін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын мұқият сақтап, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосу қажеттігін атап айтты.

0
0
136

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті.Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.Бақылау комиссиясының отырысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды.Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе, аудан тұрғындарына медициналық қызмет пен біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі бойынша болды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Абилов мәселе төңірегінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.Отырыс барысында аудандық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшесі Тілеп Ибайдулла Тілепұлы қазіргі таңдағы медицина с…

0
0
230