Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев үгіт-насихат жұмыстарына атсалысатын ауданның белсенді жастарымен жүздесті. Негізінен ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени шараларында еріктілер сапында үлес қосып, еңбек етіп жүрген жастар «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері. Штаб төрағасымен кездесу барысында еңбек ететін еріктілерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында сапаға назар аударып, карантиндік режим мен санитарлық талаптардың сақталуын, үміткерлермен өткізілетін кездесулер барысында ҚР-ның Заңнамалық нормаларының бұзылмауын тапсырды.

«Бүгінде елімізде жастардың кең көлемде әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алулары үшін толығымен жағдай жасалған. Жылдан-жылға оқу базалары жаңартылып, шәкіртақылары көтеріліп келеді. Білімді жастардың еңбек етулеріне де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осындай қамқорлықтардың қайтымы – сіз бен біздің елге адал еңбек етуімізбен өтеледі» деді Досым Тұрғанбайұлы.

Айта кетейік, 10 қаңтарда өтетін сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарына ауданнан 59 «Jas Otan»-дық атсалысатын болады.

0
0
174

Еще по теме

ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz