ШТАБ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабы алғашқы отырысын өткізді. Штаб мүшелері қатысқан басқосуда “Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Досым Асабаев пен партия ардагері Әбдіманап Байдуллаев үгіт-насихат жұмыстарын сапалы жүргізу, карантиндік режим кезінде санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін толықтай сақтай отырып кездесулер ұйымдастыру, ҚР бекітілген Заңнамалық нормаларды қатаң сақтау секілді мәселелерді пысықтады. Кездесулер кезінде тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жауапсыз қалдырмау, әрбір сайлаушының саналы түрде дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік беру керек екендігі де назардан тыс қалмады.
Үгіт-насихат жұмыстары кезінде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда дер кезінде құзырлы органдар мен “Nur Otan” партиясының сайлауалды штабына хабарласу керек екендігін тапсырды.
