Перейти к содержимому

Новое

САЙРАМ АУДАНЫ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Сайрам ауданына іс-сапармен келді. Штаб мүшелері сапарын Қарабұлақ ауылдық округінен бастады. Ауыл тұрғындарымен кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен таныстырды.

— «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бағдарлама аса ауқымды, әрі нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттармен бағдарламалар жиынтығы. Оның ішінде әрбір қазақстандықтың, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, әрбір азамат жаңа білімге ұмтылып, тұрақты түрде дамуы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауы қажет. Бағдарлама осынау талпыныстарды қолдауға бағытталған. Оған қоса бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қарқынды қолдау, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу мен есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтарды қалыптастыру көзделген, - деді штаб мүшесі Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутаты Фахриддин Каратаев.

Сондай-ақ , респубикалық қоғамдық штаб мүшесі Сырым Ертаев өз кезегінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы кәсіпкерлікті қолдауға негізделген бағыттарына тоқталды. Денсаулық сақтау саласын қолдауға бағытталған бағдарламаларды тілге тие кетті.

-  Биылғы пандемия еліміздің экономика саласына, кәсіпкерлік саласына, тағы басқа салаларына өз зардабын тигізді және денсаулық сақтау саласын қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Бағдарлама осы салаларды дамытуға бағытталып отыр,- деді ол.

Өз кезегінде сөз алған штаб мүшелері Мөлдір Бақытжанова мен Марина Лимаренко «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қазақстандық отбасылардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруға негізделген бағыттарын айтты.

Одан соң штаб мүшелерінің іс-сапары Манкент ауылдық округінде және Ақсукент ауылдық округінде жалғасты. Ақсукент ауылдық округіндегі кездесу кезінде Әйтеке би ауылы тұрғындарының мәселесін тыңдады. Ауыл тұрғындарын толғандыратын ауыз су, сапалы жарық, көгілдір отын, сапалы жол және ғаламтор мәселесі алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы тарапынан қолдау тауып, тиісті дәрежеде шешілетінін жеткізді штаб мүшелері.

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
288

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ержан Құдайберген, Ұлжанат Жұрымбетова және айтыскер-ақын Еркебұлан Қайназаров бастаған штаб мүшелері Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы, «Сапа-2002» ЖШС-де кездесу өткізді.

Ержан Құдайберген  ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен пікір алмасып, ауыл тұрғындарының  талап-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшіне айналғанын, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Партия ауыл шаруашылығына қолдау көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар сайлаушылардың сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне сәттілік тіледі.

0
0
320

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ — ТҮЛКІБАСТА

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Түлкібас ауданында да кездесу өткізді. Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Қамзабекұлы, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбайдың қатысуымен сайлау алды үгіт-насихат шарасы өтті. Шарада ауданның білім саласында жеткен жетістіктері де айтылды.

Шараға қатысушы қонақтар Елбасының ерен еңбегі мен халық сеніміне толықтай ие партияның жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев ауданның білім саласының өркендеп келе жатқанын білдіріп, ауданда білім саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтты.

Дархан Қамзабекұлы елімізде мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, мұғалімдердің еңбегіне кәсіби табыс тіледі.

Әрмен қарай Республикалық Қоғамдық штаб мүшелері аудандық мәдениет үйіне жол тартты. Мәдениет үйінің акт залында болған жиында қонақтар әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан теріс ақпараттарға алданбауға шақырып, мәдениет саласында қызмет ететін азаматтардың сұрағына орынды жауап берді.

0
0
198

«БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының орынбасары, маслихат депутаты Исаева Айсұлу Демепбергенқызы партия бағытын жүзеге асырудағы кәсібилігі мен белсенді қызметі үшін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Партия филиалы ұжымының атынан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында алған әріптесіміздің бүгінгі марапатымен құттықтап, қажымай еңбек ете беруін тілейміз. Партияның бағытын дамытудағы бұл жетістігі біз үшін, барша Жаңаөзендіктер үшін үлкен мақтаныш деп білеміз. Сізге мықты денсаулық пен бақ-береке тілейміз! Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!

0
0
204

Кандидаттар ел арасында

Халықты партияның мүдделі жұмыстарымен таныстыру бағытында онлайн, жанды кездесулер, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру т.б. әдістермен қатар тұрғындардың үйлеріне бару акциясын жүзеге асыруда.

Шара барысында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутатына үміткерлер, олардың сенімді өкілдері, ерікті жастар үй-үйді аралап тұрғындармен жанды форматта кездесуде. Үнпарақтар таратып, сауалдарын, ұсыныстарын негізге алып келеді. Алдағы партияның жұмыс жасау бағытына енгізеді, халық үнін жергілікті билік өкілдеріне, Үкіметке жеткізеді.

«Есіктен есікке» акциясы аясында бүгін облыс бойынша кандидаттар күндегідей өте белсенді болды. Облыстың қалалары, аудан орталықтары,  ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болып, үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Төтенше жағдай уақытында бастауыш партия халықпен бірге болғаны айтылып, Елбасы бастамасымен халыққа көмек көрсетілгені айтылды. Партияның 5 жылдық жұмыс жоспары таныстырылып, жұмыссыздық мәселесін азайту, кәсіпкерлерді қолдау, тұрақты жұмыс орындарын көбейту, баспана мәселесі, білім мен медицина саласын жетілдіру, барлық саланы цифрландыру, туризмді дамыту т.б. бойынша жоспарларын жеткізді. Халықты мазалайтын мәселелерді түртіп алды.

0
0
183

ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Мұнайлы аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер Біләлов Берік Жарылғапұлы, Бимембетова Гүлфайруз Асанқызы, Жанжігітова Мадина Докдырбайқызы «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы тұрғындарымен кездесті.

Олар "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге үндеді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге үндеді.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
115

«JAS OTAN»-ДЫҚТАР ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Сүндет Кенжебаев ауданның ерікті, белсенді жастарымен онлайн басқосу өткізді.

Күн тәртібіне қойылған негізгі мәселе – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде, барлық елді мекен тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын заң аясында жүргізу болды.

Қазақстанның бүгінде бәсекеге қабілетті дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуі бірінші кезекте Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясатының нәтижесі екенін айтқан Сүндет Кенжебаев елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру, бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде партия тарапынан жүзеге асырылған бағдарламаларға, олардың нәтижелеріне тоқталды.

Сан саланың дамуына ықпал еткен партияға 10 қаңтар күні өтетін сайлауда қолдау көрсетіп, дауыс беруге уағдаласқан «Jas Otan»-дықтар алдағы атқарар жұмыстарын тағы да бір пысықтап алды

0
0
141

ҮМІТКЕРЛЕР «МАҢҒЫСТАУ ТЕМІРЖОЛЫ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР «МАҢҒЫСТАУ ТЕМІРЖОЛЫ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында облыстық Мәслихат және аудан депутаттығына үміткерлер Губашев Нажмеддин, Битан Сәдуақас Дүзелбайұлы, Абилова Ақбұрыш Қолғанатқызы, Бимембетова Гулфайруз, Жанжігітова Мадина Докдырбайқызы, Марат Абзал Ғабитұлы, сонымен қатар штаб төрағасы Оңдабаев Қалнияз Оңдабайұлы Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, биылғы Сайлауалды бағдарламалар халықтың талап-тілектерін толық қамтумен ерекшеленді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев: «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады!» – деп атап өткен болатын.

«Nur Otan»  – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» –  жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
138

ПАРТИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМ ҮЛКЕН

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жұманов пен Айгүл Ахментаева, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жамбылдық сайлаушылармен жүздескен үміткерлер Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюдан бөлек, инфрақұрылымды дамыту бойынша да бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтады. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде ауданда құрылысы жүріп жатқан 21 әлеуметтік нысанның біреуі – орталық стадион пайдалануға берілсе, 20 нысан 2021 жылы аяқталады.

Сонымен қатар, 2020 жылы аудандық бюджеттен қаралған 381 млн теңгеге ұзындығы 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілсе, А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өткен.

Кездесу барысында үміткерлер аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жобаның құжаттары дайындалғанын айтады. 6 нысанның құрылысына қазынадан қаржы қарастырылып жатса, қалған 5 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүргізілетін болады.

«Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан осындай ілкімді істерді ары қарай да жалғастыру үшін бізге сіздерден қолдау керек. Сіздердің сенімдеріңіз бізге үлкен жауапкершілік жүгін артады, күш-қуат береді. Сондықтан, 10 қаңтарда өтетін сайлауда бізді қолдап, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамыз» деді үміткерлер.

0
0
174