ПАРТИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМ ҮЛКЕН
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жұманов пен Айгүл Ахментаева, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жамбылдық сайлаушылармен жүздескен үміткерлер Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюдан бөлек, инфрақұрылымды дамыту бойынша да бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтады. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде ауданда құрылысы жүріп жатқан 21 әлеуметтік нысанның біреуі – орталық стадион пайдалануға берілсе, 20 нысан 2021 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, 2020 жылы аудандық бюджеттен қаралған 381 млн теңгеге ұзындығы 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілсе, А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өткен.
Кездесу барысында үміткерлер аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жобаның құжаттары дайындалғанын айтады. 6 нысанның құрылысына қазынадан қаржы қарастырылып жатса, қалған 5 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүргізілетін болады.
«Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан осындай ілкімді істерді ары қарай да жалғастыру үшін бізге сіздерден қолдау керек. Сіздердің сенімдеріңіз бізге үлкен жауапкершілік жүгін артады, күш-қуат береді. Сондықтан, 10 қаңтарда өтетін сайлауда бізді қолдап, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамыз» деді үміткерлер.
